2020 жылдың 22 қыркүйек күні ZOOM платформасы арқылы «Қашықтықтан оқыту кезінде балаға қалай көмектесуге болады?» жалпы 1 курс студенттерінің ата-аналары арасында онлайн жиналыс болып өтті. Жиналысқа ата-аналар мен қоса әкімшілік, топ жетекшілері қатысты.
Ата-аналар жиналысының мақсаты - короновирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында жаңа 2020-2021 оқу жылындағы оқытудың ерекшеліктері туралы ата-аналарды хабардар ету.
Жалпы ата-аналар жиналысы барысында сынып жетекшілер ата-аналарға қашықтан оқытуды жүзеге асыратын білім беру Интернет-платформасымен, жаңа оқу жылында білім алушыларды бағалау жүйесімен, балалардың интернеттегі жұмысын ата-аналардың бақылауы ережелерімен таныстырды Сондай-ақ, оқу тапсырмалары және оның көлемі, баланың жұмыс орны, оқу режимі және демалысы, ата-аналар мен балалардың қарым-қатынас психологиясы туралы түсіндірді.
Жиналыс қорытындысы бойынша «Балаларға қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру туралы» ата-аналарға арналған жадынама ұсынылды.