Колледж миссиясы: Білім деңгейі жоғары, кәсіби шеберлігі бар, өзінің жеке стратегиясын құра алатын, бәсекеге қабілетті, ұлттық рухты бойына сіңірген мамандарды дайындау.
Көрінісі
Зайсан технология колледжі- тұрақты инновациялық дамуға қабілетті,ақпараттық- коммуникациялық технологияны кеңінен пайдаланатын,үштілді,заманауи оқу орнына жету.
Стратегиялық мақсаты мен міндеттері. Стратегиялық бағыты.
Зайсан технология колледжі (ары қарай колледж) өзінің Қазақстанның кәсіптік-техникалық білім беруді дамытудағы үлесін жан-жақты білім беру инфрақұрлымын құру, ауылшаруашылық мамандарын даярлау саласындағы ТжКБ мамандықтары бойынша инновациялық технологияларды жасау, теориялық әдістеме мен практиканы біріктіру, барлық мүдделі тараптардың әлеуметтік әріптестігін дамыту деп біледі.
Колледждің миссиясын жүргізу үшін келесі стратегиялық бағыттар белгіленді:
- Әкімшілік-басқару қызметкерлерінің және инженер- педагог мамандарының кәсіби құзіреттілігін жетілдіру үшін жағдай жасау;
- Еңбек нарығын ескере отырып, білім көрсету қызметінің сапасын көтеру ТжКБ мазмұнын жақсарту;
- ТжКБ жүйесінің беделін арттыру. Жастардың өзін-өзі жетілдіру және ТжКБ қолжетімділігін қамтамасыз ету;
- Білім сапасын жетілдіру, ТжКБ жүйесінің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін материалдық-техникалық базаны нығайту;
- Қоғамдық көзқарасты жаңғырту негізінде рухани студентгершілік және салауатты өмір салтын мәдениетін нығайту;
- Халықаралық ынтымақтастық және әлеуметтік серіктестермен байланыс.
Колледждің 2017-2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспары заңнамалық құжаттарға, атап айтқанда, ҚР «Білім туралы» Заңына, ҚР Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарған арналған мемлекеттік бағдарламасына негізделген.