Тарихы терең,
тағылымды білім ордасы

 

 

               

               

                                                      

                         

 

1945 жылы 12 наурызда Қазақ ССР  Халықтық Жер өңдеу Комиссариатының Зайсан ауданында бір жылдық мал шаруашылық механизация мектебін құру туралы № 23 бұйрығы шықты. 
1945 жылы тамыз айында осы аталған бұйрыққа сәйкес Қаратал селосында ауыл шаруашылық механизация мектебі ашылды.
1946 жылы 3 тамызда Қаратал ауылынан Зайсан қаласына көшірілді.
1947 жылы 31 мамырдағы Зайсан аудандық коммуналдық мекемесінің шешімі бойынша сол кездегі Ленин көшесіндегі 23 үй және Шегір көшесіндегі 34 үй механизаторлар дайындайтын курстың оқу орны болып берілген.
1953жылы 2 қарашада  Қаз ССР ауыл шаруашылық Министрлігінің №588 бұйрығына сәйкес №19 ауыл шаруашылық механизация мектебі №19 ауыл шаруашылық механизация училищесі болып өзгертілді. Училищеде осы уақыттан бастап тракторист, комбайн жүргізушілері 6 айлық оқу мерзіміне, соңынан 1 жылдық оқу мерзіміне ауыстырылды.
1962 жылдан бастап училище кең көлемді тракторист-машинист мамандарын 2 жылдық оқыту мерзімімен дайындай бастады.
1965ж 24 маусымда Қазақ ССР Министрлер Советінің № 466 “Ауыл шаруашылық механизация училищелерінің ауылдық кәсіптік- техникалық училищесі болып өзгертілу” жарлығына сәйкес № 19 Зайсан ауыл шаруашылық механизация училищесі №19 Зайсан ауылдық кәсіптік-техникалық училищесі болып өзгертілді.(СПТУ-19)
1976 жылдан бастап училище орта білім және мамандық алып шығатын 3 жылдық топтар ашты. 
1985 жылдың қаңтар айынан бастап училище қазіргі Жангелдин көшесі бойындағы жаңа оқу корпусына көшірілді.
1985 жылдан №23 орта кәсіптік техникалық училищеге айналды.  Бұл оқу орнында оқу бөлімі, жатақхана, арнайы оқу залы, асхана, оқу өндірістік шеберханасы, спорт алаңы, әскери дайындық алаңы, кітапханасы, өндірістік оқыту шаруашылығы бар.
1997 жылы №23 орта кәсіптік техникалық мектеп деп аталды.
2004 жылы №23 кәсіптік мектеп деп аталды.
2008 жылғы 4 қарашадағы Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің №192 қаулысы бойынша және облыстық Білім Басқармасының бастығы А.В.Гречухиннің 20 ақпан 2009 жылғы бұйрығымен №11 кәсіптік лицей атанды.
2012 жылы  атаулы білім ордасына «Зайсан технология колледжі» статусы берілді.

 

           

 

           

 

Лицей ұжымы 2010 жылы Шығыс Қазақстан облыс әкімі тағайындаған

«Жылдың үздік кәсіби лицейі» номинациясын жеңіп алды.

 

 

Бүгінде колледжде 81 адам еңбек етеді. Педагогикалық ұжымда 39 оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері бар. Оның ішінде жоғарғы санатты 10, бірінші санатты 13, екінші санатты 10.
Оқытушылардың инновациялық қызметінің картасы жасалынып, қолданылатын жаңа технологиялар негізінде ашық сабақтар өтіп, озық тәжірибе тарату мектебі, жас мұғалімдер мектебі, шығармашылық топтар және әдістемелік бірлестіктер жүйелі жұмыстар атқаруда. Олардың сапалы жұмысы оң  нәтижесін беруде. Әр мамандық бойынша «Үздік аспаз», «Үздік механизатор», «Үздік әрлеуші», «Үздік дәнекерлеуші» және басқа да  кәсіби шеберлікті шыңдауға арналған байқаулар, көңілді тапқырлар сайысы, пікір-таластар, ашық сабақтар, тақырыптық кештер, пән апталықтары жүйелі өткізіледі. Білікті, білімді кәсіби маман даярлауда өткізіліп жатқан шаралардың  ықпалы зор.
Ұстаздар еңбегінің, ізденісінің нәтижесі студенттердің білім дәрежесінен көрінуде. Колледж студенттері облыстық, облысаралық деңгейде пән олимпиадаларына, ғылыми зерттеу конференцияларына, кәсіби шеберлік сайыстарға қатысып жүлделі орындарға ие болуда.
2015 оқу жылында колледждің 70 жылдық мерейтойы қарсаңында «Химия және біз!» облыстық химия биология пән олимпиадасы, «Үздік дәнекерлеуші» атты аудандық кәсіби шеберлік сайысы, «Менің өлкем» атты облыстық ғылыми - тәжірибелік конференциясы, «Мамандықтар әлемінде» атты аудан мектептері оқушыларына арналған облыстық зияткерлік сайыстары өткізілді.
2015 жылдың 21 қазанында  «Зайсан технология колледжінің 70 жылдығы» мерейтойы аталып өтті.  Шараға ШҚО  білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Қ.Ә Оспанғалиев, облыстық кәсіптік және техникалық білім беру орталығы директорының міндетін атқарушысы Л.Т. Кездікбаева, аудан әкімі А.А.Оңдақанов және колледждің ардагер ұстаздары, әр жылдардағы түлектер, оқытушылар мен студенттер қатысты. Аталмыш шара барысында  «Кәсіптік білім берудегі әлеуметтік серіктестіктің рөлі» атты облыстық семинар өткізілді. Семинарға кәсіпкерлер палатасының басшысы Р.Қ.Қадырбеков, колледж директорлары, әлеуметтік серіктестіктер, жеке кәсіпкерлер, ауыл округінің әкімдері, мектеп директорлары қатысты. Семинар жоспарының бағыт бағдарына тоқтала келіп, кәсіптік білім беруде әлеуметтік серіктестіктермен байланысты жетілдіру мақсатында колледж директоры Сейлханов Е.Т. «Әлеуметтік серіктестіктермен бірлескен жұмыстардың қорытындысы - сапалы маман және оның келешекте еңбекпен қамтылуы» туралы баяндамасы тыңдалып,  ұсыныстар талқыланды. Семинарға қатысушылар аудандағы әлеуметтік серіктес кәсіпорындардың бірі «СМУ-Шығыс» ЖШС-де өндірістік тәжірибеден өтіп жатқан студенттердің іс-әрекетімен танысты.
Колледж тарихына арналған мұражайдың ашылу рәсімі өтіп, лентасы қиылды.  Сонымен қатар талай жылдар білім ошағына еңбегі сіңген ардагер ұстаз басшы А.Ж.Кемелбаев атындағы электргазымен дәнекерлеуші кабинеті, осы оқу орнында 30 жыл еңбек еткен өндірістік оқыту шебері С.Жадыков атындағы шеберхана, өндірістік оқыту шебері А.Затов атына  өндірістік тәжірибе шаруашылығы және Алматы ҚазҰУ оқытушысы, самбо, суммо, дзю-до, қазақша күрестен бірнеше дүркін жүлдегері түлек Ф.Қойшымановтың атына берілген спортзалдың ашылу салтанаты болып өтті.
Аудандық мәдениет үйінде пленарлық жиын өтті. Аудан әкімі А.А. Оңдақанов колледж ұжымын мерекелерімен құттықтап, ардагер ұстаздарды, қазіргі таңдағы оқытушыларды  грамоталармен марапаттады. ШҚО білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Қ.Ә Оспанғалиев облыстық білім басқармасының басшысы А.А.Нургазиевтің құттықтау хатын оқып, қаржылай сыйлықтың сертификаты мен бағалы сыйлықты салтанатты түрде табыс етті және ардагер ұстаздарды, қазіргі таңдағы оқытушыларды облыстық білім басқармасының басшысының грамоталарымен марапаттады. Сондай-ақ шара барысында колледж директоры Е.Т.Сейлханов облыстық білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Қ.Ә Оспанғалиевке, аудан әкімі А.А.Оңдақановқа және мәртебелі меймандарға,  ардагер ұстаздарға, әр жылдардағы түлектерге және қазіргі таңда үздіксіз  30 жыл еңбек еткен ұстаздарды «Зайсан технология колледжіне 70 жыл»  мерекелік төсбелгісімен марапатталды. Шара өнерпаздардың концерттік бағдарламасымен аяқталды.