ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ШЫҒЫС
ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢБІЛІМ БАСҚАРМАСЫ «ЗАЙСАН
ТЕХНОЛОГИЯ КОЛЛЕДЖІ» КММ
«Кәсіби білікті маман - болашақтың тірегі» атты арнаулы пәндер апталығы аясында өткізілген
World Skills колледжішілік чемпионатқа
САРАПТАМА.
Құзыреттілік: 1513000 Ветеринария
Пән мұғалімі: Әділбекова Ж.Ә.
Зайсан қаласы
2018-2019 оқу жылы
«Зайсан технология колледжі»-нде 2019 жылдың 5наурызда Ветеринария мамандығының конкурсы өтті.
Конкурс мақсаты мен міндеті:
Конкурс студенттердің кәсіби шеберлігінің сапасын айқындау мақсатында, студенттердің практикалық тапсырмаларды орындау кезіндегі іскерлігі мен дағдысын анықтау. World Skills аймақтық чемпионатын дәріптей отыра, колледжішілік сайыста студенттердің теориялық алған білімдерін тәжірибе жүзінде көрсетуге баулу және аймақтық чемпионатқа іріктеу жасау.
Конкурс ережесі:
- Конкурс 3кезеңнен тұрады.
- Қатысушылар 1-2курс студенттері.
- Қатысушылар қауіпсіздік техникасын білу.
- Конкурс қазақ тілінде өтеді.
- Қатысушылардың реттік нөмірі жеребе салу арқылы анықталады.
- Конкурс теориялық және практикалық екі бөлімнен тұрады.
- Қатысушылар ветеринариялық арнайы киім кию қажет.
Байқау 3 модульдан тұрды:
1.Модуль А. Клиникалық диагностика. Малды зерттеудің жалпы және арнайы әдістерін жүргізу. Бұл модуль 3тапсырмадан құралды.
2.Модуль В. Мал және құс өнімдерін ветеринариялық- санитарлық сараптау. Өнімдерді органолептикалық және арнайы зерттеу әдістері арқылы сараптау. Бұл модуль 1тапсырмадан құралды.
3.Модуль C: Микробиология. Көзге көрінбейтін өте ұсақ микроорганизмдерді микроскоп арқылы зерттеу. Бұл модуль 1тапсырмадан құралды.
Барлық модульда қатысушылар тәжірибелік жұмыстарды орындады. Жұмыстардың барлығы қауіпсіздік ережелерін ескерумен өтті.
Эксперттік топ байқауға қатысушылардың жұмыс барысында жіберген қателіктері болса ескере отырып, орындаған тапсырмаларын көріп, тексеріп бағалады, жеңімпаздарды анықтады, бағалау парағын толтырылды.
Эксперттік топ құрамындағы ӨОЖ жөніндегі директордың орынбасары Б.А.Қудайбергенов, ө\о шебері Б.Т.Айтбаева, пән оқытушысы Г.Байжуманова өз бағаларын берді.
Байқау қатысушыларының нәтижелері:
І орын Нұржанқызы А. – 93 ұпай
ІІ орын Серікбекұлы А. – 90 ұпай
ІІІ орын Кәлтенова С. – 89 ұпай
Жараны тазалап, таңу тапсырмасын орындау барысы.
Клиникалық тексеру. Малды зерттеудің жалпы әдістерін жүргізу тапсырмасын орындау барысы.
Микроскопиялық препарат дайындау және алдын ала дайындалған препаратты электронды микроскоп арқылы көру.
Етті органолептикалық зерттеу(иісін, балаусалығын, тығыздығын анықтау).