Әр оқу жылында колледжде салтанатты жиын болып, барлық 1-ші курс білім алушылары «Ұлы дала ұландары» атты студент қатарына қабылдау кеші отырады.Колледж үшін мақтанышқа айналған,облыстық колледждер арасындаөткен ағылшын пәні олимпиадасында жеңіске жеткен Б-4 тобының студентіБайтұрсынова Назерке мен «Үздік механизатор-2016» сайысында жүлделі І орынға ие болған ТМ-8 тобының түлегі Қаппасов Бауыржанды, «Үздік әрлеуші шебер» сайысында ІІІ орын иеленген С-2 тобының түлегі Әзімбекұлы Нұрасылды колледж директоры бағалы сыйлықпен марапаттады.
І курс студенттеріндиректордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.С.Нүркенова құттықтап, 1-курстыңтоп әкімдеріСәлімов Мерейге, Зиядабекова Кербезге,Бақытбекова Мақпалға символикалық студенттік үлгерім кітапшасын тапсырды.
Жоғарғы курс студенттерібірінші курстықтардың болашақтарына даңғыл жол тіледі.
Осылайша 80 жас толқын студент болу құрметіне бөленді. Біз де өз тарапымыздан студент атанған өрендеріміздің өмір белестерінен сүрінбей өтулеріне тілекшіміз!
Ресми бөлімнің арты мерекелік кешке ұласты. Мұнда әуенді ән, би де, мәнерлеп өлең оқу да, флешмоб та, тіпті әзіл әлеміне саяхаттау да болды.