Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті көтеру мақсатында колледж қызметкерлеріне/жұмыскерлеріне және студенттеріне пара беру деректерін анықтауға көмек көрсеткен тұлғаларды марапаттау және қызметі бойынша көтеру шаралары хабардар етілді.Арнайы хабарландыру ақпараттық стендке және жатақхана стендіне орналастырылды.

 

Колледжде шағымдар мен ұсыныстарға арналған жәшіктер қойылған.

 

Колледждің 8(72340)29-397 нөмірімен «сенім телефоны» оқу ғимаратының залында, әкімшілік залында және 8(72340)26-812 нөмірімен жатақханада орналастырылған, мұнда өтініштер мен хабарламаларды қабылдау жүргізіледі. Әкімшілік ғимаратындағы залда ақпарат стенді орналасқан. Колледждегі бейнебақылау камерасындағы фото-бейнетүсірілімдері қаралып тұрады.

 

Жасөспірімдердің арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілік қағидасын қалыптастыру мақсатында 2018 жылдың 16 мамыр айында сағат 11.00-де колледжде І,ІІ  курс  білім  алушылары  арасында    «Мемлекеттік қызмет жөніндегі істер органының құрылғанына – 20 жыл» атты бірыңғай сағаты өтті. Іс-шараның негізі мақсаты – жасөспірімдер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды насихаттау, іс-шара арқылы ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, азаматтық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды, жан – жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу болып табылады. Экраннан Ұлттық баяндама мәтіні беріліп, түсіндірілді.

 

Шара барысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» атты плакатқа колледж әкімшілігі,оқытушылар,студенттер қол қойды. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бірыңғай сағатының жұмысына оқытушылар мен белсенді студенттер қатысты.

 

  

 

  

 

 Зайсан аудандық сотының төрағасы Б.Н.Мергембаев оқытушылар мен студенттер арасында семинарлық оқу өткізуде.