Тәрбие жұмысы
2017 жылы 3 наурызда Алғыс айту күніне орай ТМ-9 тобының ұйымдастыруымен «Шын жүректен алғыс айтамын» атты мерекелік шара жоғарғы деңгейде өткізілді. Бұл шараға жауапты топ кураторы Делегеева Жазира болды.
«Жасыл ел» бағдарламасына Зайсан ауданы әкімдігінің «Жастар орталығы» мекемесі (директоры О.Шәріпбеков) арқылы Зайсан технология колледжінің 50 студенттері де қатысып, көшенің тазалық жұмыстарын, абаттандыру, жасыл желекті отырғызу, гүлзарларға күтім жасау, тоғайларды әктеу, саябақтардағы тастарды сырлау жұмыстарын, күл қоқыстарды тиеу, арықтарды тазарту, саябақ аумағына гүлдер егу жұмыстарын атқарды.