Мақсаты: ауданда ұлтаралық татулық пен тұрақтылықты сақтау жолында жастарға патриоттық тәрбие беру.

15 қазан күні сағат 16.00-де жастар-ресурстық орталығында тәрбиелік мәні зор кездесу кеші болып өтті. Шараға қаладағы татар, өзбек, орыс, қазақ ұлттарының этно-мәдени орталықтарының жетекшілері және Зайсан технология колледжінің студенттері мен куратор Е.Ниғметулла қатысты.

 

Шараны аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының орынбасары З.Дүйсенбаева ашып жүргізді.

 

Өз кезегінде Ақниет Кенжеханов бастаған студент жастар да үлкендерге алғыстарын жолдап, ізгі тілектерін білдірді. Кеш соңында куратор Е.Ниғметулла да  қорыта сөйлеп, өз тілегін арнады.