«Жас сарбаз»  патриоттық клубының жұмысы туралы.

 

«Жас сарбаз»  патриоттық клубы  оқушыларға патриоттық тәрбие беру және оларды әскери қызметке даярлау мақсатында құрылған.

      Еліміздің алдыңғы қатарлы мемлекеттердің қатарынан көрінуі, экономикалық еркiн аймаққа мүше болуға ұмтылысы,  бiздiң алдымызға үлкен маңызды мiндеттердi жүктейдi. Бүгінгі жаһандану  үрдісінде патриотизм ұғымы тек мемлекеттiк тұрғыда ғана емес, әлемдiк деңгейде бейбiтшiлiк пен тыныштықты сақтау мәселесi тұрғысынан қарастырылады. Қазақстандық патриотизмді әлемдiк тыныштық пен бейбiтшiлiктi сақтаудың негiзгi бiр тұғыры деп айтуға болады.

        Клуб оқу жылы барысында «Студенттерге  патриоттық тәрбие беру» жоспары негізінде жұмыс жасайды. «Жас сарбаз»  патриоттық клубының жетекшісі – алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы Амирғалиев Серікбол.

    Студент жастардың әскери-патриоттық тәрбиесін, өмір қауіпсіздігінің негіздерін, азаматтық қорғаныс, әскери-патриоттық және алғашқы әскери дайындығын өткізуді қамтамасыз ету- алғашқы әскери дайындық пәні бойынша жоспарланған. 

    Колледждің 1,2 курс студенттерін, мектептің жалпы білім беретін 10 сынып оқушыларымен  бірге, оқу-далалық  (лагерьлік) жиындарын ұйымдастырып  өткізу.

     Жеңіс күніне орай салтанатты жиындарды өткізу. Аудан орталығындағы «Мәңгілік алау» ескерткішіне гүл шоқтарын қою.

Әскери-патриоттық тәрбиенің рөлін арттыру және жұмысты жақсарту мақсатында әскери-патриоттық әндер байқауын, «Алау», «Жарқыл-Зарница», «Жас Ұлан» әскери-спорттық ойындарын өткізу, ҰОС, ауған соғысының ардагерлерімен, әскери қызметкерлермен кездесу.

«Азаматтық-патриоттық және адамгершілік қағидаларын қалыптастыру» тақырыбында ардагерлердің ақпараттық-насихаттау тобының жастардың алдында сөз сөйлеуін ұйымдастыру- жұмыс істеудің басты бағыты.

 

Көрсеткіші

Оқу жылы

2018-2019

2019-2020

2020-2021

 

«Жас сарбаз» клубы

88

79

69

 

Орындаған: С.Амиргалиев