«Жас сарбаз» патриоттық клубы.
Клуб жетекшісі: Амиргалиев Серикбол
Клуб ұраны : «Еліміздің ұланымыз, көкте самғар қыранымыз!»
Сарбздар маршы
Клуб ұраны
Сөзі: Қ.Смагул
Әні: Қ . Сатиев
Қырандай түлеп ұшкан арманымыз
Біз бүгін өркен елдің сарбазымыз
Ант алып ар алдында сапқа тұрып,
Қорғаймыз туған жердің ар –намысын.
Алға бас, қарышта , жас ұлан,
Қанаты талмайтын , жас қыран.
Жастықтың жігері бойында,
Өзендей күші бар тасыған.
Көк байрақ арайлаған нұр таңымыз,
Жігіттің сына түскен сұлтанымыз,
Дұшпанға қатал болған, досқа берік,
Жаужүрек Бауыржанның ұрпағымыз.
Жалпы ереже.
«Жас сарбаз» патриоттық клубы Зайсан қаласындағы Зайсан технология колледжінде 2014 жылы оқушыларға патиоттық тәрбие беру және оларды әскери қызметке даярлау мақсатында құрылған.
Қазақстана Республикасы Мемлекеттік « Білім» бағдарламасына тәрбие жүйесін жетілдіруге байланысты алдына қойған негізгі мақсатты- «қазақстандық патриотизм, азаматтық , ізгілік және жалпыадамзаттық құндылықтар идеяларының негізінде тәрбиеленушінің жеке тұлға ретіндегі сапалық қасиетін қалыптастыру»-деп бүгінгі ХХІ жаҺандандыруғасырында ұлттық мәдениет пен өркениетті өзара кіріктіре отырып, жекетұлға қалыптастыру көзделіп отыр.
Еліміздің алдындыңғы қатарлы 30 мемлекеттің қатарынан көрінуі, экономикалық еркін аймаққа мүше болуға , ұмтылысы, біздің алдымызға үлкен маңызды міндеттерді жүктейді. Бүгінгі жаһандану үдерісінде патриотизм ұғымы тек мемлекеттік тұрғыдан ғана емес, әлемдік деңгейде бейбітшілік пен тыныштықты сақтау мәселесі тұрғысынан қарастырылады.Қазақстандық патротизм әлемдік тыныштық пен бейбітшілікті сақтаудың негізгі бір тұғыры деп айтуға болады.
Клуб оқу жылы барысында «Оқушыларға патриоттық тәрбие беру» жоспары негізінде жұмыс жасайды. «Жас сарбаз» патриоттық клубының жетекшісі- алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы –ұйымдастырушысы Амиргалиев Серикбол.
Мақсаты:
1.Халықаралық терроризмге радикалды ағымдағы діни экстремизмге.
2.Қазақстанның мемлекет ретіндегі тұтастығын сақтау.
- Геосаяси және төтенше жағдайдағы жайттар.Интернационализм рухында.
Бәсекеге қаблетті – Армия.
Клуб жұмысының негізгі бағыттары.
- Еліміздің жауынгерлік борыщ әскери мамандықтар туралы әңгіме, баяндама, теориялық конференциялар ұйымдастыру.
- -мектепте жуаынгерлік және еңбек даңқы залын , көрмесін , мұражайын ұйымдастыру.
- - оқушыларды батырлар өмірімен ерлігі үлгісінде тәрбиелеу.ү
- Соғыс және еңбек ардагерлерімен жауынгерлермен кездесулер өткізу.
- Соғыс ардагерлеріне мүгедектеріне тұрақты қамқорлық жасау.
- әскери потриоттық тақырыпта шығарма, әңгіме сурет, ән байқауларнын өткізу әскери спорттық ойындар, жарыстар өткізу.
- Военкаматпен байланыс жасау.
- 2017 әскери заставаларға шығу.
- әскери техникалармен қару-жарақтарды тереңдетіп оқу арқылы оқушылардың ғылыми жұмысымен шұғылдану.( Дарын) орталығы өткізетін ғылыми жоба байқауына (техника секциясы бойынша қатысу)
- Қала республикалық әскери –спорттық жарыстарға қатысу.
«Жас сарбаз» патриоттық клубының басты тақырыптары.
-Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымы. Қарулы күштерінің ұлттық қауыпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі.
Отанды қорғау мемлекеттің маңызды қызметі.
ҚР мемлекеттік нышандары Қ Р ҚК әскери бөлімінің Жауынгерлік туы.
-ҚР Қарулы Күштерінде қызмет ету патриотизм мен интернационализм мектебі .
ҚР ҚК жауынгерлік дәстүрлері.
-ҚР ҚК әскери жарғылары.
-Ата –баба дәстүріндегі Отан қорғауға деген қарым-қатынасыты өркендету Қарулы Күштер тарихын ата-бабамыздың ерлік мұрасын оқып үйрену.
-Төзімділікті арттыру, шынықтыру.
-Дене тәрбиесінің оқу бағдарламасына сәйкес клубтың әрбір мүшесінің жеке даму ерекшеліктерін қабілеті мен мүмкендіктерін ескере отырып жүргізу.
-Түрлі байланыстар біріккен іс-шаралар өткізу арқылы жастардың бос уақытын толық қанды әрі мазмұнды өткізуді қамтамасыз ету.
Клуб құрылымы
Жетекшісі: Амиргалиев Серикбол
«Жас сарбаз» патриоттық клубы
|
↓ ↓ ↓ ↓
Отан сүйгіштік рухтың іс-қимыл тобы жетекшісі: Шәріпханұлы А.
|
Мәдени патриоттық іс-қимыл тобы жетекшісі: Конарбаев.Д.
|
Әскери патриоттық секция тобы жетекшісі: Шыңғысов.Д.
|
Әскери патриоттық іс-қимыл тобы жетекшісі: Ниғметолда Е. |
1-2 курс студентері
|
Клуб мүшелері, олардың құқықтары мен міндеттері.
Клуб бағдарламасы мен шұғылдануға тілек білдіруші, оның дәстүрлеріне силастықпен қарап, бағдарламасын бұлжытпай орындайтын 5-11 сынып оқушылары клуб мүшесі бола алады.
Клуб мүшелері құқылы:
-клуб материалдық базасы мен потенциалын пайдалана отырып клуб бағдарламасымен және оның жекелеген түрлермен шұғылдануға,
- әдістемелік және практикалық көмек ,сондай-ақ сабақ барысында қажетті білім алуға;
- клубта өткізілетін барлық іс-шараларға қатысуға,
- қалада, республикада өткізілетін жарыстарға команда құрамында, сондай-ақ дербес қатысуға;
-клуб жетекшісінің құзырына кіретін қандай да бір мәселелерді шешуге байланысты жетекшіден көмек сұрауға;
- клубтың материалдық –техникалық базасын жетілдіруге көметесуге;
-клубтан өз еркімен шығып кетуге.
Клубтағы патриоттық жұмыстарға белсене қатысқаны үшін , спорттық жәнебасқа шараларда жоғары нәтижеге қол жеткізгені үшін клуб мүшелері моральдық және материалдық марапаттау түрлерімен атап өтіледі.
Клуб мүшесі міндеті:
-бекітілген тәртіп пен ережелерді бұлжытпай орындауға;
-сапалы оқып тәрбие алуға , басқаларға үлгі болуға, клуб бағдарламасын қатаң сақтап бұлжытпай орындауға , клуб жұмысының алға басуына көмектесіге;
-клуб беделін арттырып, онда жолдастық ахуал орнауына көмектесуге;
-барлық іс-шараларға тұрақты түрде қатысуға.
Моральдық және материалдық марапаттау түрлері.
Клуб мүшелерін моральдық және материалдық марапаттау, олардың белсенділігін арттыру мақсатында ынталандырудың мынадай түрлері қолданылады:
- алғыс жариялау;
- құрмет тақтасына енгізу;
- бағалы силықпен марапаттау.
«Жас сарбаз» патриоттық Клубының құрамы:
Зайсан технология колледжінің «Жас сарбаз» патриоттық клубының
2017-2018 оқу жылына арналған жұмыс
жоспары
№ |
Жұмыстың мазмұны |
Мерзімі |
Жұмыстың түрі |
Жауаптылар |
1 |
-топ құру; жетекшісін тағайындау, отырыс өткізу, ұран девизді бекіту. -жоспарды бекіту, міндеттерді бөлу. |
қыркүйек |
Ұйым-у |
«Жас сарбаз» патриоттық клубы |
2 |
«Жас сарбаз» патриоттық клубының материалдарының әдістемелік қорын жинақтау. |
қазан |
Ұйым-у |
«Жас сарбаз» патриоттық клубы. |
3 |
«Әсекри іске дайын бол!»сайысы. а)Топталып жүгіру. б)Кедергілерден өту. в)Кермеге тартылу ұлдар. |
қараша |
сайысы |
Амиргалиев.С. |
4 |
Патриоттық айлық |
желтоқсан |
|
Амиргалиев.С. «Жас сарбаз» патриоттық клубы. |
5 |
Пневматикалық мылтық атудан қыздар арасында мектепішілік «Мерген ару 2015» сайысы |
Қаңтар |
сайыс |
Амигалиев.С. |
6 |
«Ән салшы, сарбазым» сапта тұрып, әскери әндер айту. |
ақпан |
байқау |
«Жас сарбаз» патриоттық клубы. Амиргалиев.С. |
7 |
«Жас мерген» сайысы а) Пневматикалық мылтықпен нысана 10 м-ден отырып ату.(8оқ. 3+5) ә) П Ауғант соғысы. |
|
|
|
8 |
1- наурыз- Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күніне арналған «Қорғаны операциясы» сайысы. (Дербес қорғаныс құралдарын қолдану.) |
1 наурыз |
қорғаныс |
Амиргалиев.С. Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдері, Медбике |
9 |
Ұлттық ойындар арқан тарту, тоғыз құмалақ, қамшы тастау т.б. |
наурыз |
Ұлттық спорттық ойын |
Амиргалиев.С. «Жас сарбаз» патриоттық клубы |
10 |
«Алау»әскери-спорттық ойын. |
сәуір |
Спорттық ойын |
«Жас сарбаз» патриоттық клубы |
11 |
«Ұлы ерлікке тағзым» Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен кездесу. «Зарница» бес күндік |
мамыр |
кездесу |
«Жас сарбаз» патриоттық клубы |
12 |
Саяхат экскурсиялар жасау |
|
|
«Жас сарбаз» патриоттық клубы |
13 |
Даталы күндерді атап өту |
|
|
«Жас сарбаз» патриоттық клубы |
14 |
Мектепішілік сынып сағаттарын, лекция өткізу. |
|
|
«Жас сарбаз» патриоттық клубы |
15 |
Ардагерлерге қамқорлық күндерін жасау. |
|
|
«Жас сарбаз» патриоттық клубы |
16 |
АӘД оқу курсының аяқталуына арналған әскери-спорттық мереке |
мамыр |
|
Амиргалиев.С. |
Әскери-патриоттық клубтың
ПАСПОРТЫ
- Әскери-патриоттық клубтың орналасқан мекемесі:
Зайсан технология колледжінің әкімшілігі.
- Клубтың атауы:
Зайсан технология колледжінің жанынан құрылған «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубы.
- Заңды мекен-жайы және телефоны:
Зайсан қаласы
Жангелдин көшесі122
Тел. 872-340-27-2-93
- Клубтың жетекшісі Амиргалиев Серикбол Смаилович01.1962ж.т білімі жоғарғы.
(Қарағанды педагогикалық институтын бітірген, әскери атағы запастағы лейтенант.Әскери қатарындағы қызметі: 1980-1982 ж.ж. бөлімше командирі.)
- Материалдық базасы:
- Спорт залы -1
- Спорт стадионы -1
- Даңқ залы -1
- АӘД кабинеті -1
- Тир -1
- Плац -1
- Поласа припятствие -1
- Материалдық қамтамасыздығы:
-Калашников автоматы қаруы (оқу жаттығуы)- 2 дана
-Нысаналар әртүрлі - 25 дана
- Газ тұмылдырық ГП – 5 - 70 дана
- Жалпы әскери қорғаныс киімі - 10 дана
- АК – оқжатары - 1 дана