2017 жылдың 27қаңтар күні «Зайсан технология колледжі» КММ-де«Менің мамандығым-менің болашағым» атты «Ашық есік» күні өткізілді. Аудандық білім бөлімінің бастығының келісімімен қалалық және ауылдық мектептердің 9-11 сынып оқушылары шараға қатысуға шақырылды.
Мақсаты:Еңбек нарығында бәсекеге қабілетті,құзіретті, әлемдік стандарт деңгейінде нәтижелі жұмыс жасай білетін өзгерістерге тез бейімделетін білікті маман дайындау
Міндеттер:
- Қоғамның және экономиканың индустриялық-инновациялық даму сұраныстарына сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту, әлемдік білім беру кеңістігіне кірігу, педагог мамандығының беделін көтеру, білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
- Білім, білік, дағды жиынтығын толық меңгерген, қоғам өміріне белсене араласатын, шығармашылықпен ойлайтын, өзін-өзі көрсете алатын, өздігінен ақпаратты іздеп, талдайтын және оны дамытуға қабілетті, кәсіби құзыретті, функционалды сауатты жеке тұлғаны қалыптастыру.
Апталық барысында арнаулы пән оқытушылары мен өндірістік оқу шеберлері ашық сабақтар мен ашық шаралар өткізді. Мамандық бойынша "Үздік мамандар" анықталды
Апталық барысында ашық сабақтар, сабақтан тыс ашық шаралар, кәсіби шеберлік сайыстарөткізілді.
Бағдарлама бойынша:
- Колледж базасымен таныстырылды:Оқу ісінің орынбасары А. Нүркенова, колледж психологі Е.Ниғметулла,аға шебер Қ.Сыбанов таныстырды.
2.Мамандықтар көрмесі ұйымдастырылды.
3.Н.Ғ.Айгозинаның ұйымдастырумен А-9 тобының І курс студенттері арасында шеберлік сыныбы өтті.
4.Ветеринарлық -санитар мамандығы бойынша ІІ, ІІІ курс топ студенттері арасында зияткерлік сайысы және агроном мамандығы бойынша «Агроном менің өмірлік кәсібім» атты дөңгелек үстел өтті.
Бухгалтер тобының іскерлік сайысы, «Үздік дәнекерлеуші» кәсіби шеберлік сайыстары өтті.
«Үздік тракторист-машинист» кәсіби шеберлік сайысы өтті. Әр шараға мектеп оқушыларынан «Жол көрсетуші» (Путеводитель) курстарына тіркелген оқушылар қатыстырылды.