Зайсан  технология  колледжі

2022-2023 оқу жылына оқуға қабылдайды

 

    «Зайсан  технология колледжі» Зайсан ауданындағы ауыл шаруашылығына қажетті мамандар дайындайтын оқу орыны. Колледждің материалдық –техникалық оқу базасы студенттердің талапқа сай жан-жақты білім алуы үшін заманауи технологиялық құрал-жабдықтармен жабдықталған. Колледж бітірушілерге оқыған жылының мерзіміне сәйкес өтілі жазылып, еңбек кітапшасы беріледі.

 

            Мемлекеттік сұраныс бойынша 2022-2023 оқу жылында

 9 - сынып түлектері үшін.

 

Ауыл шаруашылығын механикаландыру мамандығы бойынша

  • слесарь- жөндеуші
  • ауыл шаруашылығы өндірісінің  тракторист-машинисі
  • ауыл шаруашылығы техникасын жөндеу шебері
  • техник-механик біліктілігі беріледі.

    

      Тамақтандыруды ұйымдастыру мамандығы бойынша

  • кондитер-безендіруші
  • аспазшы
  • технолог біліктілігі беріледі.

 

      Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану мамандығы бойынша

  • Кең бейінді құрылыс жұмыстарының шебері
  • Құрылыс-әрлеу жұмыстарының шебері біліктілігі беріледі.

 

11 сынып түлектері үшін

 

        «Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану» мамандығы бойынша

  • Кең бейінді құрылыс жұмыстарының шебері біліктілігі беріледі.

 

Электр жабдықтары мамандығы бойынша

  • Электромонтер (түрлері және салалары бойынша) біліктілігі беріледі.

 

      Тегін жатақхана

  • Тегін 1 уақыт тамақтану
  • Шәкіртақы 21787 теңге
  • Жол ақысы жылына 2 рет төленеді

 

       Қосымша  мамандықтар оқытылады:

 3 жыл ішінде студенттер мамандықтарына қосымша басқа «В,С-1» санатты автокөлік жүргізушісі, электромонтер, ветеринарлық санитар,аспазшы,сылақшы, «А,В,Г» санатты ауыл шаруашылық өндірісіндегі тракторшы-машинист,«Д»санатты «Тиеуші» мамандықтарын  қысқа мерзімді курс ретінде оқи алады.

Оқуға қабылдау уақыты: 20 маусымнан -25 тамыз аралығы  2022 жыл.

Сағат 09:00-ден-18:00-ге дейін.

Мекен жайы: Жангельдин көшесі №122үй, Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.,

 WhatsApp:87756939810, 87029436562

 Байланыс телефондары: 29-397; 29-933