Осы жылдар ішінде техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарын мың-мыңдаған студенттер бітіріп шығып, Отанымыздың агроөнеркәсіп саласының өсіп-өркендеуіне мол үлес қосып келеді.
Колледждердің бүгінде ауылшаруашылық мамандарын даярлаудағы еңбегі ерен екені белгілі. Жалпы оқытушылар құрамы жаңа заман талаптарына сай, сапалы білім беру арқылы студенттерді техникалық сұранысқа ие мамандықтарға оқытуда да, бәсекелестікке қабілетті көрсеткіштерге ие бола береді деп сенемін. Сіздердің қиын да қызықты тынымсыз қызметтеріңізге жаңашылдық, тың ізденістер тілеп, барлық істеріңіздің табысты болуына тілектеспін.
Ұстаздық қабілеттеріңіз мол болып, жетістікке толы биік белестерден көріне беріңіздер! Шығармашылық ойлар және идеяларыңыз жүзеге ассын.
Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, болашақ маман даярлауда сәттілік тілеймін! Мәртебелеріңіз өсе берсін!
Құрметпен Е.Т.Сейлханов
КММ «Зайсан технология колледжі» директоры
Зайсан қаласы
2020 жыл