ТМ-14 тракторист-машинист тобы студенттерінің 09.10.20 – 27.12.20 жыл

аралығында өткен технологиялық тәжірибенің сараптамасы.

Мамандық атауы: Фермер шаруашылығы

Біліктілігі: Ауыл шұаруашылығы өндірісіндегі тракторист-машинист

 

09.10.2020 жылғы №32-К бұйрығы негізінде ТМ-14 тракторист-машинист тобының студенттері 09.10.2020 – 27.12.2020 жыл аралығында әлеуметтік серіктестер «СМУ Шығыс»ЖШС, «Зайсан құрылыс компаниясы» ЖШС-і, «Жас»ЖШС-і, Ақжар коммуналдық шаруашылық мекемесі, жеке кәсіпкер «Жақсыбеков», «Талап» және «Бұкабай» шаруа қожалықтарының өндірістік базасында технологиялық тәжірибеден өтті. Тәжірибеге жіберер алдында, кәсіпкерлермен пандемия кезеңінде коронавирустық инфекция таралуының алдын алу мақсатында, барлық санитариялық және гигиена ережелерін сақтауға қажетті шараларды қатаң сақтау жөнінде келісім шарт құрылды. Сонымен қатар студенттер де коронавирус ауыруы таралу жолдарымен, ауруды жұқтырмау үшін әр адамның жеке бас гигиенасын сақтау талаптарымен таныстырылды. Ата-аналарына осы індеттен сақтану туралы таныстырмалар беріліп таныстырылды. Студенттер техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы ңұсқау алып, комиссия мүшелеріне емтихан тапсырып, нұсқау алғандары жөнінде журналға қол қойды. Сондай-ақ, студенттерге жұмыс орындарында бекітілген өндірістік мастер, жауапты қызметкерлер жұмыс орнындағы нұсқау өткізіліп, таныстырылды.

 

Студенттерді тәжірибеге жіберер алдында кәсіпкерлермен бірлесіп кәсіптік іс-тәжірибенің 396 сағатқа  жұмыс жоспары жасалды. Осы жолғы тәжірибеде «Тракторлар мен автомобильдерге қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу.» 42 сағат, «Комбайндар мен ауылшаруашылық машиналарының және жабдықтарының техникалық диагностикасы» -40 сағат, «Мал шаруашылық фермаларының және кешендерінің жабдықтарының техникалық диагностикасы» -40 сағат «Қозғалтқышты бұзу, тазалау, дефектілеу және жинау» 24 сағат, «Шатунь поршень тобын және газ тарату тетігін жөндеу» 32 сағат,  «Отын, май, гидравликалық аппаратураны жөндеу»-16 сағат, «Электр жабдықтарын және аккумулятор батареясын жөндеу»-16 сағат және «Қалпына келтіру цехтарының жабдықтарына техникалық қызмет көрсету,  ағымдық жөндеу және технологиялық қалыпқа келтіру» -16 сағаттық тараулар қамтылды.

 

Студенттердің өндірістік тәжірибедең өткен орындары және бағалары

 

Студенттің аты-жөні

Сағат саны

Бағасы

Тәжірибеден өткен орны

1

Адилханов Ертай

396

4

«Бұқабай» шаруа қожалығы

2

Анарбеков Сымбат

 396

5

ЖК «Жақсыбеков»  

3

Ғалымжанов Ерасыл

 396

4

«СМУ Шығыс» ЖШС-і

4

Қанатбеков Мирас

 396

4

Ақжар коммуналдық кәсіпорны

5

Мәліков Жарас

 396

3

«Зайсан құрылыс компаниясы» ЖШС-і

6

Мейрамбеков Нұрай

 396

5

«СМУ Шығыс» ЖШС-і

7

Қайсар Нүтіп

 396

5

«СМУ Шығыс» ЖШС-і

8

Нұрғалиев Мирхат

396

5

«СМУ Шығыс» ЖШС-і

9

Құмарбеков Диас

 396

4

«СМУ Шығыс» ЖШС-і

10

Бабақанов Жандос

 396

5

«ЖАС» ЖШС-і

11

Ракишов Аслан

 396

4

«Талап» шаруа қожалығы

 

 

Тәжірибе өту барысында еңбек тәртібін, техникалық қауіпсіздік ережелерін, санитария және гигиена ережелерін қатан сақтап, берілген тапсырмаларын уақытында, сапалы орындап, ұжым мүшелерімен жақсы тіл табысып, өздерін өте жақсы жағынан көрсеткен студенттер: Қайсар Нүтіп, Мейрамбеков Нұрай, Нұрғалиев Мирхат, Құмарбеков Диас, Ракишов Аслан, Анарбеков Сымбат. Осы студенттерді әлеуметтік серіктестер, шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлер келесі тәжірибені өз базаларында өткізуге мүдделі болып, студенттерді тағы да келіп мамандықтарын жақсылап меңгеруге жағдай жасап, тәжірибеден өтуге шақырып отыр. Технологиялық тәжірибені өту барысында студенттер мониторинг бойынша келесі нәтиже көрсетті: білім сапасы 90 % құрады, орташа балл 4,36.

 

Өндірістік оқыту шебері: Байбосынов Е.Б.