Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты шектеу шаралары кезеңінде 2020-2021 оқу жылында «Зайсан технология колледжінде» оқу процесін ,оқу қызметтерін қашықтан оқытуды ұйымдастыру және жаңа оқу жылын ұйымдасқан түрде бастау үшін оңтайлы жағдайлар жасалған.
Колледжіміздегі 1-2-3 курстар бойынша барлық мамандықтар бойынша барлық сабақтар қашықтықтан өткізіледі. 2020 жылдың 16 наурызынан бастап техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мекемелері үшін оқу процесін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қашықтықтан оқытуды «Ganvas» электрондық платформасы бойынша жұмыс істеп келеміз.
Теориялық сабақтар әр түрлі байланыс түрлерінің көмегімен, соның ішінде бейне ағындарды қолдана отырып қашықтықтан өткізіліп жатыр. Оқу процесі бойынша студенттердің оқу үлгерімі мен сабаққа қатысу күнделікті тексеріліп отырады. Колледждегі барлығы 130 студент білім алады.
Колледждің баланысындағы компьютер мен ноутбуктың саны 30. 30 компьютер мен ноутбук аз қамтылған, көп балалы отбасынан оқитын студенттерге берілді. Сонымен қоса 18 студентке 18 роутер берілді.
https://zaysan-kollege.edu.kz/kz/ashy-ty-tan-o-ytu/314-o-u-protsesin-ashy-ty-tan-jymdastyru-kezinde-studentterdi-kompyutermen-amtamasyz-etu.html#sigFreeId37e0222eef