БЕКІТЕМІН
«Зайсан технологиялық колледжі» КММ
Директоры С.Т.Сейлханов
« » « » 2018 жыл
«Зайсан технологиялық колледжі» КММ студентінің
Ар-Намыс Кодексі
Зайсан технологиялық колледжі студенттерінің қауымдастығы:
Зайсан технологиялық колледжінің еліміздің жұмысшы және адамгершілікті мамандарын даярлау бойынша, Қазақстан Республикасындағы кәсіптік-техникалық білім беру орындарының бірі ретінде, Шығыс Қазақстан облысының техникалық және кәсіби кадрларын даярлау орталығы мен кәсіби білім беру жүйесінің мекемесі ретінде колледж даму стратегиясы және миссиясының іске асырылуына өз жауапкершілігін сезіне отырып, Колледж имиджін сақтау, студенттік ұжым мәдениетін дамыту мен қолдауды өзінің міндеті ретінде санай отырып, колледж студенттері, оқытушылары, қызметкерлері және оқу орнының әкімшілігі арасында шынайы демократиялық қарым-қатынастар жүйесін қалыптастыруға ұмтыла отырып, колледж студентінің осы Ар-намыс Кодексін қабылдайды және оны қалтқысыз орындауға міндеттенеді.
1 бап. Студент Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарын, колледж Жарғысын, ішкі тәртіп Ережесін, колледж оқытушылар құрамының, қызметкерлері мен студенттерінің этикалық Ережесін және оқу-тәрбие үдерісін реттейтін басқа нормативті-құқықтық актілерді сақтауға міндеттенеді.
2 бап. Студент Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін, ұлттық құндылықтар мен мәдениетті, Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасу тарихын біледі және қастерлейді, колледж дәстүрлерін кіршіксіз сақтап, құрметтейді.
3-бап. Қазақстан Республикасының абыройлы азаматы, таңдаған мамандықтың кәсіби маманы болуға, өзінде шығармашылық тұлғаның үздік қасиеттерін дамытуға ұмтылады.
4-бап. Студент үлкендерге құрметпен қарап, айналасындағыларға дөрекілік көрсетпей, әлеуметтік қорғалмаған жандарға түсіністікті танытып, оларға мүмкіндігінше қамқор бола біледі. Студент басқа студенттермен, оқытушылармен және қызметкерлермен, әкімшілікпен қарым-қатынас барысында ізеттілік, кішіпейілділік және ұқыптылық танытады.
5-бап. Студент кез-келген азаматтың шығу тегі мен ұлтына, әлеуметтік дәрежесіне, діни немесе дүниетанымдық ұстанымдарына қарамастан құрметпен қарайды, ұлтаралық төзімділік пен қоғамдық келісімнің қазақстандық моделі идеясы мен қағидаттарын насихаттайды.
6-бап. Студент өзінің оқу міндеттерін қатаң орындайды, төмендегідей академиялық, этикалық және құқықтық нормаларды бұзушылыққа жол бермейді:
- алдау;
- білімді бақылаудың барлық деңгейлері мен түрлерінен өту барысында шпаргалка пайдалану, көшіру және біреуден сұрау;
- жоғары баға алу үшін туысқандық немесе қызметтік байланыстарды пайдалану;
- пара беру;
- оқытушыны алдау және оны сыйламау;
- сабақтарды себепсіз жіберу және кешігу.
7-бап. Студент колледждің дәстүрлеріне құрметпен қарайды, колледж мүлкінің сақталуына қамқорлық жасайды, студенттік жатақхана тазалығы мен тәртібін қадағалайды және колледж аумағында құқық бұзушылықтардың орын алуына жол бермейді.
8-бап. Студент колледж кітапханалық-ақпараттық ресурстарына ұқыпты қарайды және бұл ресурстарға қатысты салғырт қараушылық пен нұқсан келтірушілікке жол бермейді.
9-бап. Студент шығармашылық белсенділікті дамытуға, колледждің мәдениеті мен имиджін арттыруға бағытталған кез келген қажетті және пайдалы әрекетті таниды.
10-бап. Студент колледж қабырғасынан тыс жерде колледждің өкілі екені әрдайым есінде болу керек және арын түсірмеуге барлық күшін салу керек.
11-бап. Студент салауатты өмір салтын ұстанады, өзінің мәдени, адамгершілік және тұлғалық даму деңгейін жетілдіруге ұмтылады, колледждің қоғамдық-мәдени, ғылыми және спорттық өміріне белсене атсалысады және зиянды әдеттерден толық бас тартады
12-бап. Студент ұқыпты киінеді. Оның сыртқы түр-келбеті зайырлы қоғамның жалпыға ортақ этикалық нормаларына, колледждің ішкі тәртіп ережелеріне сәйкес келеді.
13-бап. Студент елдегі тәртіптің тұрақсыздануына әкеп соғатын ақпараттың таратылуына жол бермеуі, сондай-ақ заңмен рұқсат етілмеген жиналыстарға, демонстрацияларға, митингілерге, ереуілдерге, акцияларға және шерулерге қатыспауы тиіс.
14-бап. Студенті колледж мүддесіне қайшы келетін және оның имиджі мен беделіне нұқсан келтіретін кез-келген іс-әрекетке қатысудан бой тартады.
15-бап. Студент аталған Кодекс ережелерінің бұзылуын байқаған сәтте оны өз күшімен түзетуге тырысады, ал мұндай әрекет мүмкін болмаған жағдайда бұл келеңсіздіктер туралы студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарына немесе колледж әкімшілігіне хабарлауға құқылы.