БЕКІТЕМІН
«Зайсан технологиялық колледжі» КММ
директоры Е.Т.Сейлханов
« » « » 2018 жыл
«Зайсан технологиялық колледжі» КММ Cайтын қолдану ЕРЕЖЕСІ туралы
«Зайсан технологиялық колледжі» КММ сайты (ары қарай – Сайт) ұстаздарға, білім алушыларға, ата-аналарға, әлеуметтік серіктестерге арналған. Ұстаздың білім және тәрбие берудегі еңбектерін интернетте жариялауға арналған. Ұстаздарға сайтқа тіркеліп, сабақтарын сайтқа орналастыруға мүмкіндік жасалған. Сайттағы Хабарландыру бөліміне түрлі тақырыптағы хабарландырулар, Пәндер бөліміне сабақтар орналастырылады.
Сайтпен жұмыс істеу үшін Сайт Ережелерімен таныс болыңыздар.
Сайтты қолдану ережелері (ары қарай — «Ережелер») Сайтпен қолдану шарттарын айқындайды және Сайтқа кірушілердің құқықтары мен міндеттерін белгілейді (ары қарай — «Сайт қолданушылары»).
- Жалпы ережелер
1.1. «Зайсан технологиялық колледжі» КММ қарасты веб-сайттардың жалпы саны біреу. Сайтқа деген барлық құқықтар «Зайсан технологиялық колледжі» КММ әкімшілігіне тиесілі, орналасу мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, ШҚО, Зайсан ауданы, Зайсан қ., Жангелдин көш., 122, (ары қарай -«Колледж»). Осы ережелер Қазақстан Республикасы заңнамаларымен реттеледі. Ережелер Қазақстан Республикасы аумағындағы әрекетімен шектеледі. «Зайсан технологиялық колледжі» КММ қарасты веб-сайтын қолдану үшін төмендегі ережелерді сақтауыңыз міндетті. Сайт әкімшілігі мен қолданушылардың арасындағы барлық қатынас бақылауда екенін ескертеміз.
1.2. Колледж Сайт қолданушыларына аталған Ережелермен танысуды ұсынады. Сайтпен пайдалана отырып, Сайт қолданушылары осы Ереже шарттарымен келісетінін білдіреді.
«Зайсан технологиялық колледжі» КММ веб-сайт әкімшілігінің ұстанымы (әрі қарай Сайт):
1.Бұл ұстаным Сайт әкімшілігі мен Қолданушы арасындағы Сайтты қолдану барысында туған қатынасты реттейді.
2.Сайт иесі сайт сервистерін қолдануға мүмкіндік береді. Сұрақ қою, жауап және пікір жазу, сурет, бейнебаян, аудио жүктеу, ақпарат алу қызметтерін пайдалануға жағдай туғызатын дәнекер болып табылады.
3.Сайт әкімшілігі Қолданушының рұқсатынсыз сайтты қолдануға қатысты кез келген ережені шығарып, материалдың кез келгенін (техникалық, құқықтық, ұйымдық және басқалар) оқуға, жариялауға шектеу қоюға, өшіруге және өзгертуге құқылы.
Сайт материалдары туралы:
1.Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.
2.Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады.
3.Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.
4.Сайтта жазылған пікірлер мен жазбалардағы көзқарастар Сайт әкімшілігінің көзқарасы болып табылмайды. Егер қандай да заңға немесе заңнамалық актіге қайшы деп тапқан контент көрсеңіз, сайт әкімшілігіне хабарласып, жоюға болады.
Сайт әкімшілігінің құқығы мен міндеттері:
1.«Зайсан технологиялық колледжі» КММ өзіне қарасты веб-сайтын басқаруға, сайттың сервис құрамын, дизайны мен сыртқы келбетін өңдеуге, сайтты жариялауға және сайтқа шектеу қоюға құқылы.
2.Сайт әкімшілігі қандай да бір жаза үшін шешімді біржақты қабылдайтынын ескертеді. Шешім қабылдау,оның негіздемесі – ешқандай пікірталас, дауысқа салу елегінен өтпейді, сайт әкімшілігімен өз бетінше қабылданады.
3.Әкімшілік қолданушыға сайттағы әрекеттерден және ақпараттардан тікелей немесе жанама келген (мысалы, сайттағы ақпаратқа сеніп әрекет ету) материалдық-моральдық зиянды өтемейді және ондай сұрақтың туындауы да мүмкін емес деп есептейді.
4.Сайт әкімшілігі қолданушылар арасында туындаған дауларға ресми орындарда куәлік етпейді, хаттама мен көшірмелер жасамайды және бермейді.
5.Сайт әкімшілігі қолданушы келтірілген тыйымдарды бұзған жағдайда және де басқа жағдайларда, егер оны қажет және керек деп тапса, кез келген қолданушының хабарламасын өшіріп тастауға және кез келген қолданушыны жазалауға (құлып қоюға) құқығы бар.
6.Сайт әкімшілігі қолданушылар арасындағы дау-дамайға араласпайды, бірақ қажет деп тапса араласуға құқылы. Сайт әкімшілігі басқа қолданушы атынан шағым түскен жағдайда, шағымды қарастырып, егер қажет деп тапса қолданушының сайтқа кіруіне мүмкіндік бермеуге құқылы.
7.Қолданушы бірнеше рет Сайт ережесін сақтамаған жағдайда, қолданушының аккаунтын өшіруге немесе біршама уақытқа құлыптап, шектеп қоюға құқылы.
8.«Зайсан технологиялық колледжі» КММ өзіне қарасты веб-сайттарды дамыту мақсатында сайттың коммерциялық қолданылуына байланысты сайтқа жарнама беру қызметін жүзеге асыруға, іскерлік бағдарламаларға қатысуға құқылы.
2.Интеллектуалды құқықтар
2.1.Сайтта орналасқан барлық интеллектуалды әрекеттер нәтижесі мен дараландыру құралдары,оның ішінде дизайн элементтері, жобалар, сызбалар, макеттер, графикалық бейнелер (оның ішінде суреттер), суретті туындылар мен суретке ұқсас тәсілдермен жасалынған туындылар, мәтін,аудиовизуалды туындылар, Сайттың бөлігі болып табылатын ЭСМ арналған бағдарламалар, мәтінмен немесе мәтінсіз музыкалық туындылар және де басқа туындылар Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес қорғалады, оның ішінде Қазақстан Республикасының қатысуымен халықаралық шарттарға сәйкес. Көрсетілген қорғалатын нысандар бірге және жеке алғанда Сайттың қорғалатын контентін құрайды. (әрі қарай —«Контент»).
2.2.Осы Ережелермен және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген жағдайлардан басқа, Колледждің келісімінсіз қолданыла алмайды (оның ішінде көшірмесін алуға, жариялауға, қайта жасалуға, таратылуға, сатылуға немесе өзге тәсілдермен қолдануға).
2.3. Сайтта жарияланған мәтіндік материалдарды дәйектеу белсенді гиперсілтемесі немесе Сайт тарауын дәйектейтін Контентті міндетті түрде көрсету арқылы рұқсат етіледі.
Сайт қолданушыларының мүмкіндіктері және сайт әкімшілігінің тыйымдары:
1.Қолданушы сұрақ қойып, жауап жазбастан бұрын міндетті түрде сайт Ережесімен танысып шығуға міндетті.
2.Сіз сайттағы материалдарға пікір білдіре аласыз.
3.Өзіңіздің е-mail поштаңызды растау арқылы жеке хат жазуға және басқа да сайт ұсынатын мүмкіншіліктерді қолдана аласыз.
4.Сайттың ішінен бөлек сайттағы ақпаратты қалдырғанда жауапкершілік толық қолданушының мойнында.
5.Сайт қолданушылары жасына, жынысына, қызмет бабына қаралып, ерекшеленбейді.
6.Ұятсыз, біреуді қорлайтын, боғауыз сөздері бар сұрақтар қоюға және жауаптар жазуға тыйым салынады.
7.Кез-келген сайт қонағын немесе қолданушысын ұлттық немесе діни болмысын кемсітуге қатаң тыйым салынады.
8.Басқа Қолданушыны кемсіту мәніндегі, беделін түсіру, қорқыту мазмұнындағы, заңға қарсы пікір жазуға тыйым салынады;
9.Пікір жазу арқылы сайт бетінде порнографиялық мазмұндағы, адамға не жануарларға деген қатігездікке үндейтін мәтіндік хабарламалар мен материалдар, сондай мазмұндағы Интернет сайттарға сілтемелерге тыйым салынады.
10.Өзін-өзі өлтіруге үндейтін не осы әрекеттің барысын сипаттайтын мәтіндік хабарламалар мен материалдарға тыйым салынады.
11.Сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз кез келген жарнаманы тарату, жариялауға қатаң тыйым салынады.
- Жеке мәліметтердің қауіпсіздігі.
3.1. Колледжбен жеке мәліметтердің өңделуі Қазақстан Республикасының Заңдары, Қазақстан Республикасының заңнамасының қолдануға болатын өзге шарттарымен жүргізіледі.
3.2. Сайт қолданушының жеке мәліметтері жеке мәліметтердің ақпараттық жүйе mega. kz сайтында сақталады.
3.3. Колледж Сайт қолданушыларының жеке мәліметтеріне рұқсатсыз қол жеткізуді болдырмау үшін қажетті шараларды қабылдайды. - Ақпараттың қолданылуы мен жария болуы
4.1. Сайт қолданушыларымен ақпарат алмасуға (Сайт қолданушылардың сұранысы бойынша), Колледждің зерттеулік мақсаттарына және де басқа мақсаттарға арналған деректерді Колледж қолдана алады. Бұдан басқа,Колледж Сайтта алынған барлық ақпаратты толыққанды жеке түрде анықталмаған түрде пайдалануға құқылы .