«Пісіру доғасымен тігістерді орындау әдістері» тақырыбында
шеберлік-сыныпқа талдау
Мақсаты:
Студенттерге пісіру доғасымен тігістерді орындау әдіс-тәсілдерін тәжірибеде қолдану арқылы үйрету, білімдерін жетілдіру мен дамыту. Дәнекерлеу мамандығының деңгейін көрсету және көтеру. Дәнекерлеу мамандығының жоғарғы курс студенттері төменгі курс дәнекерлеу тобының студенттеріне, мектеп оқушыларына, ата-аналарына мамандыққа деген қызығушылықтарын арттыра отырып, шеберлік сынып ұйымдастыру арқылы жаңа технологиялық жетістіктерді насихаттау және студенттердің кәсіби шеберлігін көрсету, тәжірибе тарату. Студенттерді еңбексүйгіштікке, жауапкершілікке, ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Міндеті:
- Тігістерді пісірудің әдіс-тәсілдерін үйрету;
- Келген қатысушыларға тәжірибелік жұмыстарды көрсету;
- Келген қатысушыларға мамандықты дәріптеу және 1 курс дәнекерлеу студенттеріне тәжірибе тарату.
Түрі: Шеберлік сынып
Осы мақсатты, міндетті студенттер мен оқушылардың бойына шеберлік-сынып ұйымдастыру арқылы түсіндіру, көрсету.
1 курс студенттеріне, мектеп оқушыларына дәнекерлеу мамандығы туралы қысқаша түсініктеме береп, тақырып бойынша тәжірибеде көрсету. Студенттер осы пісіру түрлерін үлкен ақпараттық экран арқылы пісіру жіктерінің сызбасын, пісіру барысында материал қалай орналасу керектігін өздері көзбен көріп ұғынса, тәжірибеде өз бетімен орындауға іштей дайын болады. Қай жерде қандай әдістер қолдану керек екенін ұғынады. Әртүрлі тігістерді пісірудің бір-бірінен қандай айырмашылықтары, қиындықтары бар екенін түсінеді.
Студенттерге, оқушыларға ақпараттық экранмен бейнеролик көрсету арқылы дәнекерлеу мамандығының ерекшелігін, жауапкершілігін, өмірге қажет екендігін тереңірек аштым. Студенттердің өздері жасаған бұйымдарын көрсетіп, қорғау арқылы мектеп оқушыларының мамандыққа деген қызығушылықтарын арттыру. Мен оқушыларға тақырыпты барынша ашып түсіндіруге тырыстым және оқушыларға осы тақырыптар көлемінде сұрақтар қою арқылы түсіндіріп және әр пісірудің бір-бірінен айырмашылықтары қандай екендігін қорытындылап отырдым. Мен тақырып бойынша мақсатқа жеттіп, міндетті орындадым деп ойлаймын.
Ө/о шебері: Кайракбаев Д.
https://zaysan-kollege.edu.kz/kz/esepter/340-sheberlik-synyp-pisiru-do-asymen-tigisterdi-oryndau-disteri.html#sigFreeIdd8c850fb2e