2023 жылы қазан айының 27-і күні “Зайсан технология колледжінің” арнаулы пән оқытушылары, өндірістік оқыту шеберлері, жалпы пән оқытушыларымен курстан кейінгі семинар өткізді
Тақырыбы: «Өзіндік білім көтеру- ұстаздық шеберлікті арттыруға апаратын жол»
Тақырыптың өзектілігі: Бүгінгі таңдағы білім беруде тұлғаға бағытталған білім мен тәрбие басты орында тұрады. Сол себепті де оқытушы шығармашыл, ізденімпаз әрі дарынды студент, мықты маман даярлауда алдымен өз білімі мен біліктілігін арттырып отыруы керек. Оқытушы білімін көтеру кәсіби қызметтің маңызды тармағы болып саналады. Өзгені оқыту үшін, білімді әрі білікті маман болу – басты міндет.
Семинардың мақсаты: Оқытушының теориялық, ғылыми-әдістемелік деңгейін, кәсіби шеберлігін және құзіреттілігін көтеру және өзара тәжірибе алмасу.
Арнаулы пән оқытушылары,өндірістік оқыту шеберлері “Талап” КЕАҚ-да біліктілікті арттыру курстарынан өтіп алған білімдерімен бөлісті. Семинарға қатысушылар әрі қарай жұмыс істеу үшін оң және қажетті ақпарат алған оқытушылар спикерлерге тәжірибе алмасқандары үшін алғыстарын білдірді.
Семинар біздің колледж жүйесінің қызметін дамытуда, білімді тереңдетуге және жүйелеуге көмектеседі деп үміттенеміз.
https://zaysan-kollege.edu.kz/kz/esepter/467-zajsan-tekhnologiya-kolledzhini.html#sigFreeIdce8c3d2220