Кітапханашы Ш.Қ.Карменова 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай колледждің оқу залында, топта өткен тәрбие сағатында, акт залында Елбасы еңбектерінен «Мақтан тұтар - ұлы тұлға» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Осы тақырыпта слайд-шоу дайындап, Президенттің әндері, қанатты сөздерімен таныстырды.
Н.Ә. Назарбаевтың «Ақиқатттың ақ жолы» атты алғашқы кітабы, «Ғасырлар тоғысында», «Тарих толқынында», «Еуразия жүрегінде», «Уақыт туралы, тағдырлар туралы», «Бейбітшілік кіндігі» кітаптары жайлы айтып, «Тәуелсіздік дәуірі» атты туындысына ерекше тоқталды. Еліміздің 26 жыл ішіндегі дамуына арналған туынды 4 тараудан тұрады, барлық мағлұматтар топтастырылып энциклопедия түрінде шығарылған. «Тұңғыш Президент», «Кемеңгер» атты кітаптар Елбасы туралы жазылған. Президенттің «Рухани жаңғыру:болашаққа бағдар», «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақалаларына тоқталып өтті.
https://zaysan-kollege.edu.kz/kz/kitapkhana-zh-mysy/249-ma-tan-t-tar-ly-t-l-a.html#sigFreeIdd2cf228eba