Кітапханашы Ш.Қ. Карменова колледж түлегі, қызмет бабында қаза тапқан  ҰҚК ШҚ майоры А.Ш. Ибраевқа арналып орнатылған ескерткіш тақта мен «Құрмет пен парыз» стендімен таныстырды. Еңбек және демалыс лагерінің студенттері  колледжіміздің түлегі Алмаз Шаймұханбетұлының оқыған оқу орындары,істеген қызметі жайлы сұрақтар қойып, қызығушылық танытты.