Зайсан технология колледжінің оқу залында «1979-1989 жылдардағы Ауғанстандағы соғыс» атты тақырыпта ауған соғысы ардагерлерімен дөңгелек үстел басында кездесу өтті. Ауған соғысы ардагерлер ұйымының төрағасы С. Манамбаев, ардагерлер Б.Тепеев, К.Алханов қатысып, интернационалдық борыштарын өтеу кезіндегі қиын-қыстау күндеріндегі естеліктерімен бөлісті. Студенттердің қойған сұрақтарына жауап бергенде ардагерлер жастар жылына тоқталып, олардың өмірге деген көзқарастары туралы сөз қозғады. Бұл студенттерге терең ой салып, тәрбие, жауапкершілік, сыйластық, болашақ жайлы емен-жарқын әңгімелесті. Соғыс күндерінен топтастырылған слайд пен деректі фильм көрсетілді. Студенттер соғыста қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Студенттер бірнеше байқаулардың жүлдегері А.Серікқызы және М.Ақылбеков, А.Бағатбеков әннен шашу шашса, Нүтіпов өлең оқыды. Кездесуді студенттер А.Оразбайұлы мен А. Жайлаубекова жүргізді. Кітапханашы Ш.Карменова ауған соғысының қасіреті жайлы айтып, сол соғыста құрбан болғандарды және аман оралған жауынгерлерді құрметтеп, үлгі тұту баршаның борышы екеніне тоқталды.
https://zaysan-kollege.edu.kz/kz/kitapkhana-zh-mysy/254-1979-1989-zhyldarda-y-au-anstanda-y-so-ys.html#sigFreeId2a6d373ba3