2017 жылдың 9 маусым айында «Глубокое агарлық колледжі» КММ-де өтетін «Үздік механизатор» атты облыстық байқауға жетекшісі өндірістік оқыту шебері Е.К.Насиев ТМ-9 тобының ІІІ курс студенті Қадылбеков Сәтжан Қадылбекұлын қатыстырып, сертификатпен марапатталды.
Маманның кәсіби шеберлігі жоғары болса, ел экономикасының қарыштап дамуына көп үлес қосары даусыз. "Әр маман өз ісінің кәсіби шебері болуы тиіс деп" Елбасымыз айтқандай сапалы кадр дайындауда мамандыққа дайындайтын мекемелердің білім беру технологияларын, әдістемесін үнемі жетілдіріп отыру қажет. Сондықтан биылғы кемшіліктер мен жетістпеушіліктерді саралай келе, келесі оқу жылына жаңа міндеттерді жоспарладық. Бірлестіктің жылдық жұмысы қорытындыланып, «Өте жақсы» деп бағаланды.