Оқу-әдістемелік жұмыс

Колледждің әдістемелік жұмыстарының түйінді тақырыбы: педагогика ғылымының жаңа технологияларын басшылыққа алып, халықаралық бәсекелестікке лайықты білімді де білікті мамандар даярлау.

Семей қаласындағы 2017жылдың сәуір айында «Электротехника» КМҚК колледжінде I-курс студенттері арасынан физика пәнінен облыстық олимпиадаға А-9 тобынан Бейсенбаева Аяужан, С-3 тобынан Ануарбеков Жанат, Зиядабекова Кербез қатысып, Ануарбеков Жанат алғыс хат алып қайтты. Жетекшілері Д.Қайырбекқызы, Қ.Қ.Сыбанов.

Гуманитарлық пәндер әдістемелік бірлестігінің мақсаты:

 

Бәсекеге қабылетті маман даярлауда гуманитарлық пәндерді оқыту сапасын арттыру, инновациялық технологияларды қолданудың тиімділігін арттыру.

2016 жылдың 19 -24 қыркүйек аралығында ҚР Тілдер мерекесі күніне орай «Тіл достықтың тірегі» атты тілдер апталығы өткізілді. Жоспар бойынша 19 қыркүйекте іс-шараның ашылуына арналған салтанатты жиынды Л.Сабиева және Ж.Делегеева өткізілді.

2017жылдың 23 ақпан айында қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы Л.Т.Сабиева С-3 тобының І курс студенті Зиядабекова Кербезді IQ – Интеллектуалды білім порталының ұйымдастырумен оқушылар мен студенттер арасындағы қашықтықтан өткізілген республикалық «Мәнерлеп оқу» атты шығармашылық байқауға қатыстырып, І және ІІ жүлделі орындарға ие болды.

Арнаулы пәндер бірлестігінің мақсаты:

 

Арнаулы пәндер мен өндірістік оқытудың технологиялық бірізділік принципін сақтай отырып, кәсіби білім, білік дағдысы қалыптасқан құзіретті маман даярлау.