28 қаңтарда колледж ұжымының дайындауымен "Ашық есік" күні өткізілді. Шарада арнаулы пән оқытушылары мен өндірістік оқу шеберлерінің дайындауымен шеберлік сыныптары көрсетілді.
Аспаз мамандығы бойынша өндірістік оқу шебері Н.Ғ Айғозина "Әмбебап қамырдан жасалатын тағам түрлері" тақырыбында шеберлік сынып көрсетіп мектеп оқушыларының мамандыққа деген қызығушылығын оятты.