27 қаңтар күні Б-4 тобында бухгалтер мамандығы бойынша студенттерге "Білімді елге - кәсіби білікті ұрпақ" атты іскерлік сайыс ұйымдастырылды.
Шараны дайындаған өндірістік оқу шебері А. Қалибаева. Сайыста топ студенттерінің өз мамандықтары бойынша білімдері мен біліктіліктерін көрсетуге толық жағдай жасалды. Студенттер нарық заманының талабына сай бәсекеге түсе білді. Теориялық және тәжірибелік білімдері сынға түскен сәтті сайыс болды. Шара "өте жақсы" деп бағаланды.