Оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің шеберлігін арттыру мақсатында өткізілген ашық сабақтар, шаралар, апталықтар.
Ашық сабақтар
«Үздік механизатор» сайысы
Шеберлік-сынып Ашық сабақтар
Лабораториялық-тәжірибелік сабақтар
Колледжде арнаулы пән бірлестігі «Арнаулы пәндер мен өндірістік оқытудың технологиялық бірізділік принципін сақтай отырып, кәсіби білім, білік, дағдысы қалыптасқан құзыретті мамандар даярлау» тақырыбында жұмыс жасайды. Осы мақсатына жету барысында биылғы оқу жылында көптеген іс-шаралар жүзеге асты.
Бірлестіктің құрамында 22 оқытушы бар. Жоғары санатты-4, бірінші санатты-5, екінші санатты-8, санаты жоқ-4.
2016-2017 оқу жылында арнаулы пән бірлестігінде өткізілген апталықтың тақырыбы: "Бүгінгі сапалы білім-ертеңгі кәсіби білікті маман" деп аталды. Апталықтың мақсаты:Жаһандану заманында бәсекеге қабілетті, құзіретті, индустриалды-инновациялық жағдайды шешуге лайық, әлемдік стандарт деңгейінде нәтижелі жұмыс жасай білетін, функционалды сауатты білікті маман дайындау.
Апталық өткізу барысында алдына мынадай міндеттер қойылды:
Қоғамның және экономиканың индусстриалдық-инновациялық даму сұраныстарына сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту, әлемдік білім беру кеңістігіне кіру, педагог мамандығының беделін көтеру, білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
Білім, білік, дағды жиынтығын толық меңгерген, қоғам өміріне белсене араласатын, шығармашылықпен ойлайтын, өзін-өзі көрсете алатын, өздігінен ақпаратты іздеп, талдайтын және оны дамытуға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.
Апталық барысында арнаулы пән мұғалімдері мен өндірістік оқу шеберлері ашық сабақтар мен студенттерді мамандыққа баулитын, кәсібилікті шыңдайтын шаралар, кәсіби шеберлік, іскерлік сайыстар өткізді.
23 қаңтар күні апталық ашылып, өндірістік оқу шеберлері С.А. Затов мен Е.Қ.Насиев және арнаулы пән оқытушысы Т.З.Айтбаев ТМ-11, ТМ-9, ТМ-10 топтарында "Тракторист мамандығының болашағы" атты кәсіби шеберлік сайысын өткізді. Сайыста студенттердің білімін, кәсіби шеберлігін саралауға мүмкіндік берерліктей әр түрлі сындар сәтті құралған. Шара "өте жақсы" ден бағаланды.