2017жылдың 23 ақпан айында қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы Л.Т.Сабиева С-3 тобының І курс студенті Зиядабекова Кербезді IQ – Интеллектуалды білім порталының ұйымдастырумен оқушылар мен студенттер арасындағы қашықтықтан өткізілген республикалық «Мәнерлеп оқу» атты шығармашылық байқауға қатыстырып, І және ІІ жүлделі орындарға ие болды.
Сонымен қатар «Көлік колледжі» КМҚК-нің ұйымдастыруымен 2017 жылдың 30 наурызында өткізілетін «Ұлы дала елі – Мәңгілік ел» атты колледж студенттері арасындағы облыстық жазба ақындар мүшәйрасына Зиядабекова Кербезді қатыстырып, «Алғыс хатпен» марапатталды.
Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы А.Нүркенова 2017 жылдың 8 ақпанында қашықтықтан өткізілген «Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша» республикалық олимпиадасына А-9 тобының студенттері Бейсенбаева Аяужан мен Ғазизова Заринаны қатыстырып, «Мен таңдаған мамандық», «Сүйінбай-айтыс өнерінің алтын діңгегі» тақырыптарында шығарма жіберіп, олимпиаданың екінші кезеңіне өтті.
Қорытындылай келе, гуманитарлық пәндер бірлестігі ҚР Президентінің үш тұғырлы тілді қолдау саясатын кеңінен тарату мақсатында студенттердің ой-өрісін, сөйлеу мәнерін дамыту, тілдік қорын молайту, қазақ тілін жетік біліп, өзге тілдерді меңгерту жолында зияткерлік сайыстар, әдеби-сазды кештер, ашық сабақтар ұйымдастырып, өткізді. Биылғы жылда анықталған кемшіліктердің алдын алу үшін келесі оқу жылына жаңа міндеттер жоспарладық. Бірлестіктің жылдық жұмысы қорытындыланып, «Жақсы» деп бағаланды.