2016 жылдың 19 -24 қыркүйек аралығында ҚР Тілдер мерекесі күніне орай «Тіл достықтың тірегі» атты тілдер апталығы өткізілді. Жоспар бойынша 19 қыркүйекте іс-шараның ашылуына арналған салтанатты жиынды Л.Сабиева және Ж.Делегеева өткізілді.
20.09 күні А.Нүркенова және Д.Қонарбаев «Тіл мәртебесі-ел мәртебесі» атты қабырға газеттерінің сайысын өткізді. Сайысқа әр топтан бір қабырға газеті дайындалып, тақырыпқа сай, эстетикалық талғаммен, ерекше шығармашылықпен әзірленген газеттер таңдап алынды.
21.09 күні А.Нүркенова және Л.Сабиева «Поэзия сәттері» өлең жолдарын мәнерлер оқудан сайыс ұйымдастырып, өткізді. Сайысқа әр топтан бір студент қатысып, өлең жолдарын нақышына келтіріп, мәнерлеп, саналы түсініп оқуға машықтанған студенттер марапатталды.
22.09 күні Ж.Делегеева студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту, өз ана тілдерін біліп, өзге тілдерді құметтеуге шақыру және өзге ұлттық тілін, әдебиетін, мәдениетін құрметтей білу сезімі дамыған дара тұлға тәрбиелеу мақсатында «Тіл білгірі» атты зияткерлік сайысын ұйымдастырып, өткізді. Сайысқа колледж студенттерінен құралған «Болашақ», «Жас қыран» топтары қатысты. Сайыс жеті кезеңде ұйымдастырылды. Әр кезеңде қатысушыларға үш тілді жетік меңгеру, шешендік өнер, тыңдарманды баурап алу, өзін-өзі ұстай білу, тапқырлық, шапшаңдық талаптары қойылып, түрлі тапсырмалар берілді. Сайыс соңында үздік топ анықталды.
23.09 күні Л.Сабиева студенттерге ана тілінің қадір - қасиетін ұғындыра отырып,, елін - жерін сүйетін, егеменді еліміздің ертеңі болар саналы, білімді, ұлтжанды азамат тәрбиелеу мақсатында «Тіл достықтың тірегі» атты әдеби сазды кеш өткізілді. Шара барысында «Қазақ тілі», «Анам тілі», «Тіл жайында» және І курс студенті Зиядабекова Кербездің өз шығармашылығынан «Достық кілті-тіл» атты өлең жолдары оқылды.
24.09. Тілдер мерекесіне арналған апталықтың салтанатты жабылуы өткізіліп, апталыққа қатысқан студенттермен, сайыстардың жеңімпаздары марапатталды.
13.02-18.02 аралығында «Тілдер әлемінде» атты гуманитарлық пәндер бірлестігінің апталығы өтті. Апталықтың мақсаты: студенттерді ана тілін сүюге, ардақтауға құрметтеуге тәрбиелеу, тілдің үштұғырлығының қоғам өміріндегі маңызын түсіндіру, кәсіптік бағдар беру арқылы кәсіптік техникалық мамандықтарға студенттердің қызығушылықтарын арттыру.
Бірлестік отырысында апталықтың жоспары жасалып, бекітілді. Жоспар бойынша апталықтың ашылуы өткізіліп, жоспарымен таныстырылды.
14.02 күні «Тілдер әлемінде» қабырға газеттерінің сайысы өткізілді. Сайыста ТМ-12 тобы І-орын, ІІ-орынға ВС-3 пен ТМ-11 тобының студенттері ие болды.
14.02. Ағылшын тілі пәнінің оқытушысы «The Kingdom of three languages» атты сайыс өткізді. Сайыс қазіргі заман талабына сай үш тілді меңгерген, білімді де білікті азаматтарды тәрбиелеу; студенттердің орыс, қазақ және ағылшын тілдерін қандай деңгейде меңгергендіктерін қадағалау; «Өзге тілдің бәрін біліп, өз тілімізді құрметтеуге» шақыру мақсатында ұйымдастырылды. Шараға колледждің І, ІІ курс студенттері қатысты. Сайыс 7 кезеңде өткізіліп, әр кезеңде қатысушы студенттерге ағылшын тіліндегі сұрақтарға жауап беру, орысша мақал-мәтелдерді қазақша, ағылшынша аудару, сөзжұмбақтарға жауап беру, сөзжасам құрастыру және басқа да ой-өрісін кеңейтетін, сөздік қорын жетілдіретін тапсырмалар орындалып, жеңімпаздар анықталды.
15.02 ВС-4 тобында тарих пәнінің мұғалімі Д.Қонарбаев «Қазақтың салт-дәстүрі» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Мұғалім сабағында АКТ, деңгейлеп оқыту технологиясының элементтерін тиімді қолданды, көптеген көрнекті-құралдар, кітаптар көрмесін пайдаланды. Топтық жұмыс жасалды. Сабақ кезінде студенттер белсенділік танытты. Сабақ өте қызықты болып өтті. Әріптестер сабаққа «өте жақсы» деген баға берді.
16.02 қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Л.Сабиева «Қазақтың қара өлені, құдіретім» М.Мақатаев тың 100 жылдық мерейтойына арналған әдеби-сазды кеш өткізді. Бұл кеште студенттер М.Мақатаевтың өлеңдерін жатқа оқып, көрініс көрсетіп, әндер айтты. Әдеби-сазды кеш «өте жақсы» деген бағамен бағаланды.
17.02 қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы А.Нүркенова «Менің мамандығым және кәсібім» атты өте әсерлі және қызықты кездесу өткізді. Бұл кешке әлеуметтік серіктестік өкілдері, бітіріп кеткен түлектеріміз келді. Кәсіптік бағдар беру жұмысы жүргізіліп, студенттер өздерінің пікірлерімен, ойларымен, келешектегі жоспарларымен бөлісті. Колледж психологы Е.Ниғметулла студенттермен психологиялық тренинг өткізді. Кездесу өте жоғары деңгейде өтті.
17.02. орыс тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы Г.Толеуова «Полиглот» сайысын өткізді. Сайысқа колледждің І, ІІ курс студенттері және М.Әуезов атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушысы қатысты. Сайы барысында қатысушылар үш тілде сөйлеп, логикалық тапсырмалар орындап, шешендік өнерлерін көрсете білді. М.Әуезов атындағы орта мектептің 9 сынып оқушысы Аяна Мухтарова жеңімпаз атанды.
18.02 Апталықтың жабылуы өткізіліп, жеңімпаздар мен белсенді қатысқан студенттер марапатталды.
Апталықтан ағылшын пәнінен Ж.Делегеева «Сustoms and Traditions of Kazakhstan and Great Britain», Қазақстан тарихы пәнінен Д.Қонарбаев «Қазақтардың атамекенінен ауа көшуі», орыс тілі пәнінен Г.Исаханова «Сложноподчиненные предложения» тақырыптарында ашық сабақтар өткізілді.