Семей қаласындағы 2017жылдың сәуір айында «Электротехника» КМҚК колледжінде I-курс студенттері арасынан физика пәнінен облыстық олимпиадаға А-9 тобынан Бейсенбаева Аяужан, С-3 тобынан Ануарбеков Жанат, Зиядабекова Кербез қатысып, Ануарбеков Жанат алғыс хат алып қайтты. Жетекшілері Д.Қайырбекқызы, Қ.Қ.Сыбанов.

 

Сонымен қатар физика пәнінің оқытушысы, аға шебер Қ.Қ.Сыбанов 2017 жылдың 15 маусымында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ ұйымдастыруымен «Оқытуда модульді-құзіреттілік тәсілдің ТжКБ жүйесіндегі ерекшеліктері» тақырыбында өткен республикалық on-line семинарға қатысып, «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін модернизациялау жағдайында әлеуметтік әріптестік» тақырыбында баяндама жасалды. Семинардағы баяндама материалы «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ сайтында жарияланып, электронды жинаққа шығарылды.

 

Политехникалық пәндер бірлестігі «Әлем нақты ғылымдар тілінде» атты апталықта жоспар бойынша белгіленген ашық сабақтар, интелектуалдық ойын сайыс, колледжішілік олимпиадалар, кездесулер мен кештер студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттыра түсті. Студенттер ақпараттық басылым күні қабырға газеттерін, ребустар, реферат пен буклеттер жасап әкелді.

 

  1. Дене тәрбиесінің мұғалімі Шәріпханұлы Аслан ВС-4 тобымен «Допты жоғары және төменнен қабылдау» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ түрі: жаңа білім беру, ойын сабағы болды. Әрбір бөлімі жоспар бойынша жүргізілді. Кіріспе бөлімінде сапқа тұрғызу, орында саптық жаттығулар, дене қыздыру жаттығулары, жүру жаттығулары жасалды. Негізгі бөлімде волейболшының тұрысы, допты қабылдау, беру, доппен жаттығулар жасалды. Тақырыпты бекіту мақсатында студенттерді 2 топқа бөліп волейбол ойнауды көрсетті. Қорытынды бөлімінде қателескен балаларға ескерту, бағалау жұмыстары жүргізілді. Сабақ «жақсы» деп бағаланды.

 

 

 

2. Физика пәнінің мұғалімдері Сыбанов Қасен және Қайырбекқызы Дана І-курстар арасында «Болашақ білімді ұрпақтар қолында» атты физика пәнінен колледжішілік олимпиада өткізді. Олимпиада сайыс түрінде өткізілді. Әрбір кезеңді слайдтар арқылы көрсетіп отырды. I-кезеңде тест сұрақтарына ноутбукқа арнайы тест бағдарламасы орнатылып, жауаптар алынып, нәтижесі көрсетілді. Ал сайыстың қалған кезеңдері физикалық сұлбаларға, есептерге, тәжірибелерге бағытталды. Сайыста түрлі әдіс-тәсілдер, көрнекі құралдар қолданылып эстетикалық талаптарға сай өте қызықты өткізілді. Студенттерге білімдеріне қарай орындар беріліп, марапатталды. Сайыс «өте жақсы» өтті деп бағаланды.

 

 

 

3. Дене тәрбиесінің мұғалімі Қажымұратов Серік Тм-12 тобымен «Баскетбол» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ түрі: бекіту сабағы болды. Сабақтың әрбір бөлімі жоспар бойынша, үш кезеңге бөлініп жүргізілді. Жаттығулар жасалып, студенттер екі топқа бөлініп, баскетбол ойынын ойнатты. Мұғалім мақсатына жетті, сабағы «жақсы» деп бағаланды.

 

 

 

4. Математика пәнінің мұғалімі Орынбаева Гүлзат «Математика-ақыл-ойдың әуені» тақырыбында А-9 тобында интелектуалдық ойын сайыс өткізілді. Сайысты М.В.Ломоносовтың «Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика, сондықтан оны оқу керек» деген сөзінен бастап, соңғы кезеңіне дейін слайдтарды пайдалана отырып, тартысты сайыс өткізді. Пәнді, студенттер оқып отырған аспаз мамандығымен байланыстыра білді. Әрбір кезеңде студенттер тапқырлығына, шапшандығына, ой-өрісінің кеңейуіне, ұйымшылыққа тәрбиелеуге бағытталған тапсырмалар берілді. Соңында сайыс қорытындыланып, студенттер марапатталды. Мұғалім мақсатына жетті, сайыс «өте жақсы» деп бағаланды.

 

 

 

5. Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Амиргалиев Серікбол «Жастығын жалын шарпыған» тақырыбында 1-курс арасында ауған соғысының ардагерлерімен кездесу кеші өткізді. Кездесу өз дәрежесінде өтті. Студенттер ардагерлерге өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, жауап алысты. Кеште әуезді әндер шырқалып, ардагерлердің көңілін көтерді.

 

6. Химия пәнінің мұғалімдері Сиязбаева Әлия және Ибраева Жазира политехникалық пәндер бойынша білімдерін, шығармашылық қабілеттерін, дүниетанымын дамыту, өз ойларын толық әрі еркін жеткізуге,нақты сөйлей білуге тәрбиелеу мақсатында «Әлем нақты ғылымдар тілінде» атты қорытынды кеш ұйымдастырды. Кешке І-курстың А-9, С-3, ТМ-12 және ВС-4 тобының студенттері қатысты. Кеш 7 кезеңнен тұрды, топ басшылары сайланып, әр топ өздерін таныстырды. Әр кезеңге арналып жасалған слайдтар, көрнекі құралдар, плакаттар мен шарлар кештін көркін келтірді. Студенттер белсене қатысты, көрермендермен де ойын жүргізілді, кеш өте қызықты, жинақы өткізіліп «өте жақсы» деп бағаланды. Сайыс сонында қатысқан студенттерге сыйлықтар тапсырылып, марапатталды.

 

 

 

Әрбір өткізілген ашық сабақтар, сыныптан тыс шаралар шығармашылықпен жоғары дәрежеде өтті. Бірлестік өз жұмысын жыл көлемінде көлемінде жоспарлы түрде жүргізіп, өз проблемаларын алға қойып, оны шешу мақсатында жұмыстар жүргізді. Оқу бағадарламасы толық орындалып, оқу жылын жақсы аяқтады. Алдағы оқу жылында кеткен кемшіліктерден қорытынды шығарып, политехникалық пәндер бойынша білім сапасын көтереді деп сенемін.