«Кәсіби білікті маман-болашақтың тірегі»-атты арнаулы пәндер апталығының қорытынды сараптамасы
Арнаулы пәндер бірлестік жетекшісі: Т.З.Айтбаев
2018-2019 оқу жылы
«Кәсіби білікті маман-болашақтың тірегі»-атты апталықтың ашылуы студенттермен өтті. Апталықтың жоспарымен таныстырып, атқарылатын жұмыстар бекітіліп берілді.
Жоспар бойынша апталықтың алғашқы 25.02 күні Ж.С.Сағатова А-10 аспаз тобында ашық сабақ өткізді.
Сабақтың тақырыбы- «Сүт қышқылды өнімдер. Сүт қышқылды өнімдер сапасына қойылатын талаптарды анықтау». Ашық сабақ «Азық –түлік тауарларын тану» пәнінен өтті. Сабақ өте тартымды өз деңгейінде өтті. Студенттер тақырып бойынша алған білімдерін тәжірибемен ұштастыра білді.Топты үш командаға бөліп жеке- жеке тапсырмалар берді. Студенттер қызығушылықпен берілген тапсырмаларды орындап, бағаланды. Әріптестер сабақты «Өте жақсы» деп бағалады.
Апталықтың екінші 26.02 куні «Декоративті әрлеу жұмыстары» тақырыбында С-3 сылақшы тобында «Шеберлік сынып» өтті. Топ бойынша 5 студент қатысып, әр-түрлі әрлеу жұмыстары бойынша тапсырмалар орындады. Сабаққа М.Дәуленов орта мектебінен 9-сынып оқушылары келіп қатысып, мамандыққа деген қызығушылықтарын танытты. Топ шебері А.К.Жапышева әрлеу жұмыстарының түрлерін сатылап көрсетіп шықты, сабақ «Өте жақсы» деп бағаланды.
Апталықтың үшінші 27.02 күні арнаулы пәндердің жаңа оқулықтарының көрмесін колледж кітапханашысы Карменова Шолпан ұйымдастырды. Көрмеге жаңа оқулықтар қойылып,оқушыларға таныстырды.
Апталықтың төртінші 28.02 күні «Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарындағы тауарлық есеп беру» тақырыбында А-10 аспаз тобында «Сауда есебі» пәнінен ашық сабақ өткізілді. Сабақ өте жоғары деңгейде өтті. Студенттер сабаққа белсенді қатысты. Оқытушы сабақта оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерін тиімді қолдана отырып, студенттермен кері байланыс жасай білді. «Бес саусақ» әдісі арқылы студенттердің бүгінгі сабақтан алған білімдері қорытындыланып, олардың психологиялық жағдайы, топтағы орны жайлы да ақпарат алынды. Сабақты талдау қатысушылардың талдау үлгісі бойынша анықталған өлшемдер арқылы «өте жақсы» деп бағаланды.
Апталықтың бесінші 01.03 күні «Асинхронды қозғалтқыштың жұмыс істеу принципі және қосылу әдістері» тақырыбында «Электр жабдықтарына қызмет көрсету жөніндегі электромонтер» Э-6 тобында өндірістік оқытудан К.К.Сыбанов шеберлік сынып өткізді. Сабақта кең көлемде теориялық және тәжірибелік білім берілді. Студенттер схемамен жұмыс жасап, құрастыру жұмыстарын топпен орындады. Бейне роликтер қойылып,техникалық қауіпсіздік шараларымен таныстырды. Шеберлік сабақ «Жаксы» өтті.
04.03 күні World Skills колледжішілік чемпионатының ашылу салтанаты өтті. Чемпионат 4 құзыреттілік ұйымдастырылады. «Ауыл шаруашылық өндірісіндегі тракторшы-машинист», «Аспаз», «Ветеринарлық санитар», «Электргазымен дәнекерлеуші» біліктіліктері бойынша білім алып жатқан студенттер арасында өткізіледі. Чемпионаттың өткізілетін мерзімі мен ережесімен таныстырылды. Колледж директоры алғы сөз сөйлеп, студенттерге сәттілік тіледі.
04.03 күні «World Skills колледжішілік чемпионатының» ашылуынан кейін . «Ауыл шаруашылық өндірісіндегі тракторшы-машинист» құзыреттілігі бойынша тракторист-машинист ТМ-12, ТМ-13 топтарының студенттерінің қатысуымен чемпионат өткізілді. Конкурсты арнаулы пән мұғалімі Т.З.Айтбаев ұйымдастырды. Конкурс 4 модульды құрап, студенттер әр модуль бойынша теориялық алған білімдерін тәжірибемен ұштастырды. Арнаулы пән мұғалімдері, өндірістік оқыту шеберлері әр модульге сарапшы болып бекітіліп, студенттердің білімдерін бақылады. Конкурс 3-сағатқа созылды. Конкурс соңында сарапшылар студенттердің жұмысын бағалап қорытындысын шығарды.
Қорытынды бойынша І орынды ТМ-13 тобының студенті Төлеуханұлы Нұрсұлтан өз білімімен көзге түсіп жеңімпаз атанды. ІІ орынды ТМ-13 тобының студенті Қинаят Жасұлан, ІІІ орынды ТМ-12 тобының студенті Қайдарханов Дәулетхан иеленді. Конкурстың бас сарапшысы Б.А.Құдайбергенов қорытынды сөз сөйлеп студенттерді марапаттады.
Апталықтың жетінші 05.03 күні «World Skills колледжішілік чемпионаты» «Ветеринарлық санитар» құзыреттілігі бойынша ВС-5, ВС-6 топтарының студенттері арасында өтті. Конкурс 3-модуль бойынша ұйымдастырылып, студенттер үй жануарларын зерттеу, емдеу, өнімдерді органолептикалық және арнайы зерттеу әдістері арқылы сараптау, көзге көрінбейтін өте ұсақ микроорганизмдерді микроскоп арқылы зерттеу жұмыстарын көрсете білді. Жұмыстардың барлығы қауіпсіздік ережелерін ескерумен өтті.
Эксперттік топ байқауға қатысушылардың жұмыс барысында жіберген қателіктерін ескере отырып, орындаған тапсырмаларын тексеріп, жеңімпаздарды анықтады. Конкурстың қорытындысы бойынша І орын Нұржанқызы А. – 93 ұпай, ІІ орын Серікбекұлы А. – 90 ұпай, ІІІ орын Кәлтенова С. – 89 ұпай берілді.
Апталықтың сегізінші 06.03 күні «Аспаз» құзыреттілігі бойынша А-9, А-10 топтары арасында колледжішілік чемпионат өтті. Аспазшылар 3-модуль бойынша тәжірибелік тапсырмаларды орындап, уақытында аяқтады. Сарапшылар студенттердің жасаған тағамдарына баға беріп, жеңімпазды анықтады, І орын Кузнецов Валентин – 94 ұпай, ІІ орын Жандосова Еркежан – 93 ұпай, ІІІ орынАбирова Камила – 89 ұпаймен бағаланды.
Апталықтың соңғы 06.03 күні «Электргазымен дәнекерлеуші» құзыреттілігі бойынша «World Skills колледжішілік чемпионаты» өтті. Конкурсқа дәнекерлеу тобының ІІ курс студенттері арасынан 5 студент қатысты. Конкурс 2 сағаттық уақытқа созылған тәжірибелік бөлім бойынша өтті. Тәжірибелік бөлімде «Электр доғасымен дәнекерлеу және кесу» кәсіптік модуль 01 бойынша берілген тапсырманы орындады. Жұмыстардың барлығы қауіпсіздік техникасын және дәнекерлеу жұмыстарының технологиясының ережелерін ескерумен өтті. Сарапшылар студенттердің жұмысын бақылап, қорытынды шығарды. Күрделі кезеңнен өткен байқау қатысушыларының нәтижелері:
І орын Букенов Ерзат – 84 ұпай
ІІ орын Чарапиев Жігер – 75 ұпай
ІІІ орын Сағатбеков Нұрсолтан – 74 ұпаймен бағаланды.
06.03 күні Апталықтың соңғы күні аудан мектептерімен кәсіптік бағдар беру, негізінде колледжде «Ашық есік» ұйымдастырылды.
Ашық есікке ауданымыздың 5 мектебінен 9-11 сынып оқушылары келіп, колледж тыныс тіршілігімен танысты. Оқушыларға колледжіміздің жетістіктері, келесі оқу жылында ашылатын мамандықтар бойынша мұғалімдер үгіт насихат жұмыстарын жүргізді, колледждің материалдық-техникалық базасына саяхат ұйымдастырылды. Сонымен қатар әр мамандық бойынша көрме ұйымдастырылды. Студенттер өз қолдарымен жасаған бұйымдарын, өндірістік тәжірибеде қолданылатын құралдары мен жабдықтарын таныстырды.
Колледжге келген оқушылардан психолог Ниғметулла Ерік әр түрлі сауалнамалар алды.
Аудан мектептерінен жалпы жиыны 63 оқушы ашық есік күніне қатысты.
Абай орта мектебінен-19, Кеңсай орта мектебінен-7, Орманбетов орта мектебінен-6,Ломоносов орта мектебінен-7, Амангелді орта мектебінен-2, Гагарин орта мектебінен-22 оқушы келді.
Кешіміздің соңы концерттік бағдарламамен қорытындыланды.