Зайсан технология колледжінің акт залында қараша айында «Алтын күз-2019» мерекесі аталып өтті. Табиғат- күллі тіршілік атаулының  қуатты қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі.  Күздің табиғаттың төрт мезгілі ішінде алатын орны ерекше.

Күз адам баласына молшылық, береке әкелетін мезгіл.   Адамдар күзді берекелі күз, алтын күз деп баға берді. Сол себептен  мереке «Алтын күз-2019»  деген атаумен өтті. Мереке сайыс түрінде өтті. Сайыс бес бөлімнен тұрды: 

1.Кел танысайық 

2.Біз өнерліміз! 

3.Күзгі ханзада мен ханшайымы (күзгі сән үлгісін көрсету) 

4.Күзгі фантазия (күзгі сән үлгісін көрсету) 

5.Күзгі дастархан. 

Барлық топ студенттері мерекеге белсене қатысты. Сайыс соңында жеңіпаздар анықталып марапатталды.