Колледжде Республика күнін мерекелеу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді. Республика күні – мемлекеттің символын айқындайтын маңызды мереке. Бала кезінен бастап балаларды Отанға деген сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерге, ұлттық және мемлекеттік мерекелерге құрметпен қарауға баулу маңызды. Осы себептен колледждегі барша студенттер үшін шығармашылық, танымдық, спорттық, мерекелік іс-шаралар жоспарланды.

«Патриотизм дауысы». Зайсан технология колледжінің студенттері Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимнін орындады.