Зайсан технология колледжінде 25-қазан Республика күніне арналған кураторлық сағаттар өтті. 20.10.2022ж. күні  22/АШМ-2 топ кураторы А.Р. Жайлаубаева  25 қазан - Республика күніне орай «Бірлігіміз жарасқан Қазақстан!» атты тақырыпта тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатының  мақсаты: өскелең жас ұрпақты Отанын, жерін сүюге, құрметтеуге, патриоттыққа тәрбиелеу. Әрбір студенттің бойына ұлттық рухты ұялату. Достыққа, ынтымақтыққа тәрбиелеу. Тәрбие сағаты барысында студенттер өз ойларын ортаға салып,  викториналық сұрақтарға жауап берді. Тәрбие сағаты өте қызығушылықпен өтті.