Республика күніне орай 2 курс  21/АШМ-1 тобының студенттері топ кураторының жетекшілігімен Зайсан қаласындағы тарихи-өлкетану мұражайына танымдық экскурсия жасап қайтты. Мұражай қызметкері Н.Қалибаев  ауданымыздың тарихымен, көптеген тарихи тұлғалармен,  көне жәдігерлермен таныстырды. Студенттер Шілікті қорғанынан табылған алтын адам, ерте замандағы жан-жануарлардың қаңқалары, қаламыздағы ерте кезде салынған ғимараттар жайлы мәліметтерді  аса қызығушылықпен тыңдады.