Сана парасаттылығы – адал ұрпақ негізі.

«Зайсан-адалдық алаңы» жобалық офисінің қараша айына арналған іс-шаралар жоспары негізінде, жас ұрпақтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мақсатында, 2019 жылы 29 қараша күні Зайсан технология колледжінде І курс студенттері арасында «Сана парасаттылығы – адал ұрпақ негізі» деген тақырыпта пікіралмасу шарасы өтті.

Тарих пәнінің оқытушысы Д.Қонарбаев“Сыбайлас жемқорлық- қазіргі заман дерті” тақырыбында дәріс оқыды.

Студенттер пікіралмасуда  адал ұрпақтың  негізі сана парасаттылығында  екенін өз ой-пікірлерін ортаға сала отырып, талқылау, ұсыну, ойға-ой қосу арқылы өзіндік орта қалыптастыра білді.Сонымен қатар,шараға топ кураторлары, оқыту шеберлері, педагог-психолог қатысты.Оқыту шебері Ә.Оңғарбаев тақырыпқа байланысты өз пікірін білдірді.

Аталған шара Зайсан ауданы әкімдігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы өткізіп жатқан шараларының бірі ғана.
Болашақ бүгін­нен баста­ла­ды. Олай болса, жас ұрпақты білімді де саналы етіп тәрбиелеу және сыбайлас жемқорлықтан аулақ болуға шақыру баршаға парыз.