2018-2020 оқу жылында «Адал ұрпақ» клубының топ жетекшісі мен мүшелерінің атқарған жұмысы туралы мәлімет.
КММ «Зайсан технологиялық колледжінде» «Адал ұрпақ» клубы құрылып, жетекшісі болып, ВС-7 тобының жетекшісі, тарих пәнінің оқытушысы Қонарбаев Дулат Айбарұлы сайланды. І курс студенттері арасынан 15 білім алушы топтық клуб мүшелерінің қатарын толықтырды. Жоспарға сәйкес «Адал ұрпақ» ерікті колледж клубының топ мүшелері І-ІІІ курстар арасында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы насихаттау жұмыстарын жүргізді. Мәліметтік мәні бар азамат және мемлекет арасындағы қарым – қатынастардың мәні, құқықтар мен міндеттер жайлы парақшалар таратылды. Колледж кітапханасында «Парасатты азамат» бұрышы көрмесі ұйымдастырылып, оған барлық курс білім алушылары қатыстырылды. Колледж білім алушылары арасында «Жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылып, үздік жұмыстармен көзге түскен Д-4 тобының студенті Сләмбеков Әлішер, А-10 тобының студенті Даниярқызы Мақпал, ВС-5 тобының студенті Кәлтенова Сағдана, ТМ-15 тобының студенті Берікболов Ерасыл марапатталды. Жасөспірімдердің арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілік қағидасын қалыптастыру мақсатында 2018 жылдың 16 мамыр айында сағат 11.00-де колледжде І,ІІ курс білім алушылары арасында «Мемлекеттік қызмет жөніндегі істер органының құрылғанына – 20 жыл» атты бірыңғай сағаты өтті. Іс-шараның негізі мақсаты – жасөспірімдер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды насихаттау, іс-шара арқылы ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, азаматтық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды, жан – жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу болып табылады. Экраннан Ұлттық баяндама мәтіні беріліп, түсіндірілді.
Шара барысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» атты плакатқа колледж әкімшілігі,оқытушылар,студенттер қол қойды. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бірыңғай сағатының жұмысына оқытушылар мен белсенді студенттер қатысты.
https://zaysan-kollege.edu.kz/kz/t-rbie-zh-mysy/sybajlasty-a-arsy-is-reket/is-sharalar/387-saraptama.html#sigFreeId4d0e31fd04
ДТІЖО А.Сыязбаева