Зайсан технология колледжі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін арттыру мақсатында 2017-2018 оқу жылының

І жартыжылдығында жүргізілген жұмыс туралы ақпарат

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету Зайсан технология колледжі қызметіндегі басым бағыттардың және маңызды құрамдас бөлігінің бірі болып табылады жәнеҚазақстан Республикасының Сыбайластыққа қарсы стратегиясын орындауға негізделеді.

Колледж қызметкерлерінің сана-сезіміне Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын сақтауды нығайтуға бағытталған тәрбиелік алдын алу жұмысына ерекше көңіл бөлінеді.

Алдын алу шараларының басқа түрлері де кеңінен қолданылады: техникалық оқулар, семинар-жиналыстар, «дөңгелек үстелдер», кеңестер, соның ішінде студенттерді қатыстырумен өткізу.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті көтеру мақсатында колледж қызметкерлеріне/жұмыскерлеріне және студенттеріне пара беру деректерін анықтауға көмек көрсеткен тұлғаларды марапаттау және қызметі бойынша көтеру шаралары хабардар етілді.Арнайы хабарландыру ақпараттық стендке және жатақхана стендіне орналастырылды.

Колледжде шағымдар мен ұсыныстарға арналған жәшіктер қойылған.Колледждің 8(72340)29-397 нөмірімен «сенім телефоны» негізгі оқу ғимаратының залында, әкімшілік залында және 8(72340)26-812 нөмірімен жатақханада орналастырылған, мұнда өтініштер мен хабарламаларды қабылдау жүргізіледі. Әкімшілік ғимаратындағы залда ақпарат стенді орналасқан. Колледждегі бейнебақылау камерасындағы фото-бейнетүсірілімдері қаралып тұрады.Колледж әкімшілігі қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қатысты қандай да бір құқық бұзушылық          орын  алған  жоқ.

 

Орынд.Ә.Қ.Сыязбаева