2021 жылғы 20 қазан күні «Өскемен жоғары политехникалық колледжі» КМҚК базасында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Саналы ұрпақ- Мәңгілік Ел болашағы» облыстық жастар слет-форумында, онлайн Шығыс Қазақстан облысы техникалық және кәсіптік білім беру студенттері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы «Жастар – сыбайлас жемқорлыққа қарсы» атты плакаттар конкурсы ұйымдастырылған.
Конкурстың мақсаты- студенттердің шығармашылық қызметі арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыру.
Міндеттері:
- Студен жастардың бойында белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыру;
- Ой-өрісін кеңейту, байқағыштықты, эстетикалық талғамды, шығармашылық көзқарасты дамыту;
- Тақырыптық плакаттар жасау, позитивті-бағытталған шығармашылық қызметті насихаттау дағдыларын жетілдіру.
Плакаттар конкурсына «Зайсан технологиялық колледжі» КММ атынан белсене қатысқан І курс «Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша оқитын
ТД-1 тобының студенті, «Саналы ұрпақ» клубының мүшесі Түсіпбеков Жангер Берікұлы Алғыс хатпен марапатталды.
https://zaysan-kollege.edu.kz/kz/t-rbie-zh-mysy/sybajlasty-a-arsy-is-reket/is-sharalar/418-plakattar-sajysy.html#sigFreeIda3ffba0010