2021 жылғы 20 қазан күні Шығыс Қазақстан облысы «Өскемен жоғары политехникалық колледжі» КМҚК базасында, өскелең жас ұрпақ арасында парасаттылық қағидаттарын насихаттау мақсатында, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және «Болашаққа бағдар: рухани жаңыру» бағдарламасы аясында, «Саналы ұрпақ- Мәңгілік Ел болашағы» облыстық жастар слет-форумы техникалық және кәсіптік білім беру студенттері арасында офлайн, онлайн ұйымдастырылған. Форум жұмысы жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы іс-шараларды іске асыру бағыттарын қамтиды және айқындайды.

 

Слет барысында «Саналы ұрпақ» жобасы аясындағы шараларға белсене қатысып, берік азаматтық ұстаным танытқан және студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға елеулі үлес қосқан көптеген студенттер, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша Департаментінің Алғыс хаттарымен марапатталды. Солардың бірі «Зайсан технология колледжі» КММ «Ферма шаруашылығы» мамандығының ІІ курс студенті Ерболатұлы Ерасыл марапаттауға ұсынылды. Ерасыл колледждің қоғамдық жұмыстарына белсене қатысады. «Сайхан» спорт клубында волейбол секциясына, аудандық поэзия үйірмесіне қатысады. Еріктілер тобының да белсенді мүшесі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы колледжішілік іс-шаралардың, «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты дөңгелек үстелдің белсенді қатысушысы. «Асқақтай бер, астанам» атты топ жетекшісінің бастауымен түсірілген бейнероликте, Айбек Нұғымаровпен «Адалдық сағатында» белсенділік көрсетті.