Іс-шара барысында колледж қызметкерлері, ардагер ұстаздар және әлеуметтік серіктестер марапатталды 🎉🎉🎉

🔹 Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Алима Ақылбекқызы колледж ұжымын 80 жылдық мерейтойымен құттықтап, облыс әкімі Нұрымбет Сақтағановтың атынан колледж педагогтеріне «Құрмет грамоталары» мен «Алғыс хаттар» табыстап, оқу процесін заманауи деңгейде ұйымдастыру мақсатында интерактивті панель сыйға тартты 🎉🎉🎉

🔹 Сонымен қатар Зайсан ауданы әкімдігі атынан сөз аудан әкімінің орынбасары Қорабаев Ермек Ерланұлына берілді. Өз кезегінде ол да колледж қызметкерлерін 80 жылдық мерейтойымен құттықтап, жылы лебізін білдіріп, аудан әкімі А. Ахметсәлімқызының атынан құттықтау адресатын табыстап, колледжге естелік сыйлық ретінде теледидар сертификатын және колледж қызметкерлеріне аудан әкімінің «Алғыс хаттарын» тапсырды 🎉🎉🎉

🔹 Зайсан аудандық мәслихатының төрағасы Е. Зағыпаров сөз сөйлеп, колледж қызметкерлерін 80 жылдық мерейтойымен құттықтады 🎉🎉🎉

🔹 «AMANAT» партиясының Зайсан аудандық филиалының төрағасы Б.Б. Балғабаев та құттықтау сөз сөйлеп, колледж қызметкерлеріне «Алғыс хаттар» табыстады 🎉🎉🎉

🔹 Зайсан аудандық Кәсіпкерлер палатасының төрағасы Қ.А. Абдығалиев құттықтау сөз сөйлеп, әлеуметтік серіктестерге «Алғыс хаттар» табыстады 🎉🎉🎉

🔹 Колледждің ардагер ұстаздары атынан А.Ж. Кемелбаев пен М.З. Қабылов құттықтау сөз сөйледі. Сондай-ақ Зайсан аудандық ардагерлер ұйымы атынан Т.К. Молдаханов, С. Салиев және М.З. Қабылов колледжге өз сыйлықтарын табыстады 🎉🎉🎉

🔹 Марапаттау шарасы концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Концерттік бағдарламада колледж ұстаздары, білім алушылар (студенттер), музыка мектебінің оқушылары мен мұғалімдері ән айтып, би билеп, өнер көрсетті 🎉🎉🎉