Әріптестік байланыс
Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданының Алтай аймағы білім саласының делегациясы ШҚО-на іс-сапар бағдарламасы негізінде 25.07.2016 ж. күні Зайсан технология колледжінде болды. Мақсаты: екі көрші ел арасында Алтай аймағы колледждері мен Зайсан технология колледжі арасында кәсіби білім беру саласы бойынша тәжірибе алмасу,серіктестік байланысты дамыту.
Делегация колледждің оқу-өндірістік базасымен танысты. Колледж мұражайындағы тілек альбомына өз қолтаңбаларын қалдырды.Конференция залында дөңгелек үстел басында слайдтар арқылы колледж тарихымен,өмірімен танысты. Өз кезектерінде делегация мүшелері де өз колледждерінің даму жағдайларынан хабарлама жасап, баяндап отырды, студенттер алмасу сөз болды.
Отырыс барысында келешекте әріптестік байланыстар орнату талқыланды. Осындай іссапар Алтай аймағында жалғасын таппақ.