Шығыс Қазақстан облысының білім баскармасы

«Ұлан  ауданы Саратовка ауылы

Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжі» КМҚК

кәсіптік шеберлік сайысы

AGROSKILLS SHYGYS-2023

    WorldSkills қозғалысы аясында  Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжінің Құзыреттілік орталығының базасында ауыл шаруашылығы саласы колледждерінің студенттері мен түлектері арасында «Ветеринария», «Астық және оны өңдеу өнімдерінің сапасын анықтау», «Ауыл шаруашылығы машиналары мен тракторларының слесарь-жөндеушісі» бойынша үш құзыреттіліктен AgroSkills Shygys – 2023 кәсіби шеберлік аймақтық чемпионаты өтті. Чемпионат қатысушыларының жұмысын бағалау үшін кәсіпорындардың жетекші мамандары мен өндірістік оқыту шеберлері тартылды.

Аймақтық чемпионат қорытындысы бойынша Зайсан технология колледжінің студенттері жүлделі орындарға ие болды.

«Ветеринария» құзыреттілігі бойынша: II орын – Марат Ерасыл,

«Астық және оны өңдеу өнімдерінің сапасын анықтау» құзыреттілігі бойынша: III орын – Ержанұлы Бекнұр,

«Ауыл шаруашылығы машиналары мен тракторларының слесарь-жөндеушісі» құзыреттілігі бойынша: III орын – Ахметқалиев Эльдар.