Жылыжайдың салыну тарихы
«Зайсан технология колледжі» аумағында оқу орны қызметкерлерінің күшімен жылыжай кешенінің құрылысы 2014 жылы сәуірде басталып, 2016 жылы салынып, пайдалануға берілді.
Жылыжай 480 метр кв. алаңға орналасқан. Бағанының биіктігі 4,5 м. Жылыжай қатты полимер материалмен поликарбонатпен жабылған , металл қаңқадан, тамшылатып суару, желдету және жылу жүйелерінен тұрады. Жылыжай жыл бойы жұмыс істеуге арналған.
Жылыжай көкөніс дақылдарын, негізінен томат, қияр, тәтті бұрыш және аскөк өндіруге жоспарланған. Қияр тұқымдары 1000 горшоктарға отырғызылды. жылыжайға 4000 мың дана көшет отырғызу талап етіледі.
1,5 метр.кв. алқапқа қызанақ, 1,5 метр.кв. - қияр отырғызылады.
Бірінші жылы аскөк пен қиярдың бір түрлі сорты отырғызылады, одан әрі оның түр-түрі кеңейеді.
Колледж жылыжай шаруашылығы ауыл шаруашылық өндірісіне тиімді технологиялар енгізуде – тамшылап суару жүйесін пайдалану арқылы экологиялық таза көкөніс өнімдерін өсіру, колледж оқытушылары мен студенттер үшін жылыжайда көкөніс өсірудің өндірістік базасы болып табылады.