2018-2019 оқу жылында политехникалық пәндер бірлестігі 18/02-22/02 аралығында апталық өткізді.
Апталықтың мақсаты:
- Студенттердің жаратылыстану пәндеріне деген қызығушылықтарын, білімге деген құштарлықтарын арттыру;
- Өз беттерімен ізденуге, қорытынды жасауға үйрету, ойлау қабілеттерін, білімдерін шығармашылық тұрғыдан дамыту.
- Мақсатқа жету барысында жауапкершіліктерін жетілдіру, салауатты өмір сүруге, жетістіктерге жетуге тәрбиелеу.
Апталықта жоспар бойынша белгіленген интелектуалдық ойын, әскери спорттық сайыстар, пәндік олимпиада, география пәнінен өткізілген ашық сабақ, көңілді сөрелер студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттыра түсті.
1. 1-күні апталықтың ашылуы болып, бағдарламасы мен мақсаты таныстырылды. Биология пәнінің мұғалімі Сиязбаева Әлия «Биология әлеміне саяхат» атты танымдық сағат өткізді. Студенттер ақпараттық технология құралдарын қолданып слайдтар жасады. Сайыс студенттер үшін қызықты болды.
6. Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Амирғалиев Серікбол 1-3 курстар арасында «Әскери спорттық эстафета» өткізді. Студенттер әскери форма киініп, әр кезеңнің тапсырмаларына шамалары келгенше нәтиже көрсетті. Сайыс өз дәрежесінде өтті.
https://zaysan-kollege.edu.kz/kz/q/276-politekhnikaly-p-nder-birlestigini-aptaly-y.html#sigFreeIddf6d8e7a9e
7. Дене тәрбиесінің мұғалімдері Қажымұратов Серік пен Шәріпханұлы Аслан «Көңілді сөрелер» сайысын өткізді. Әрбір бөлімі жоспар бойынша жүргізілді. Дене тәрбиесінен доппен, тениспен, шаңғымен т.б түрлі ойын әдіс-тәсілдерін көрсету арқылы студенттерді шапшаңдыққа, бірлікке, салауатты өмір салтын ұстауға тәрбиеледі. Сайыс өте қызықты өтті. Студенттерге жинаған балдарына сәйкес орындар берілді.
https://zaysan-kollege.edu.kz/kz/q/276-politekhnikaly-p-nder-birlestigini-aptaly-y.html#sigFreeId1e1be38b30
8. Математика пәні мұғалімі Г.Орынбаева мен химия пәні мұғалімі Ж.Ибраева «Математика, химия марафоны» атты олимпиада өткізді. Олимпиада мақсаты: студенттердің теориялық білімі мен тәжірибелік шеберлігін ұштастыру. Ғылымға деген қызығушылықтарын дамыту, пәндік білімдерін тереңдету, дарынды балаларды анықтап қолдау. Олимпиада тәртібі бойынша екі кезеңде өткізілді. 1-кезең тесттік тапсырмалар (әр пәннен 30 сұрақтан), тесттік тапсырмалар компьютерде орындалды. Ережеге сай 25 балл жинаған студенттер ғана келесі кезеңге өткізіліп, 25 баллдан төмен жинаған студенттер келесі кезеңге өте алмады. Екінші кезеңде тәжірибелік тапсырмалар, есептер болды. Соңында Олимпиада жеңімпаздары анықталып І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.
https://zaysan-kollege.edu.kz/kz/q/276-politekhnikaly-p-nder-birlestigini-aptaly-y.html#sigFreeId572bd54aea
9. География пәнінен Ескендіров Еркебұлан Д-4 тобында ашық сабақ өткізді. Сабақ түрі аралас сабақ болды, 6 кезеңнен тұрды. Мұғалімнің өзін-өзі ұстауы, сабақ түсіндіруі, студенттермен қарым-қатынасы өте жақсы жүргізілді. Студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі оқыту әдістерін қолданды. Мұғалім мақсатына жетті, сабақ «жақсы» деп бағаланды.
10. Қорытынды, марапаттау сәттері
https://zaysan-kollege.edu.kz/kz/q/276-politekhnikaly-p-nder-birlestigini-aptaly-y.html#sigFreeId7a58d5748d
Апталықтағы әрбір өткізілген сыныптан тыс шаралар шығармашылықпен, ізденіспен, үлкен жауапкершілікпен жақсы өтті.