Арнаулы пәндер  бірлестігінің мақсаты:

 

Арнаулы пәндер мен өндірістік оқытудың технологиялық бірізділік принципін сақтай отырып, жаһандану заманында, бәсекеге қабілетті, құзыретті, әлемдік стандарт деңгейінде нәтижелі жұмыс жасай білетін, сауатты, кәсіби білікті маман даярлау.

 

Бірлестіктің құрамы:

          

Аты-жөні

Туған

жылы

Білімі

Сана-

ты

Оқу орн.

еңбек

өтілі

 

Мамандығы

Ат-н

өткен

уақыт

Қашан

өтеді

1

Сейлханов Е.Т.

 

03.01.73

жоғары

жоғары

23

Арн.пән

2018

2023

2

Айтбаев Т.

 

03.04.71

жоғары

І

29

арн. пән

2016

2021

3

Айгозина Н.Ғ.

02.11.61

арн.  орта

жоғары

39

өнд. оқу шебері

2011

-

4

Қабиева Ж.З.

 

23.12.87

жоғары

І

9

арн. пән

2019

2024

5

Тлеулесова Г.Ж.

29.02.80

жоғары

І

19

арн. пән

2019

 

2024

 

6

Кайракбаев Д.К.

12.06.88

жоғары

ІІ

9

өнд. оқу шебері

2015

2020

7

Сағатова Ж.

 

23.03.89

жоғары

ІІ

3жд

арн. пән

2017

2020

8

Оңғарбаев А.М.

02.01.61

арн.  орта

І

39

өнд. оқу шебері

2014

2019

9

Жайлаубаева А.

06.07.87

жоғары

-

1жд

арн. пән

 

 

10

Сыбанов Қ.К.

03.12.59

жоғары

жоғары

41

Общ.тех.

2018

2023

11

Айтбаева Б.

13.09.65

арн.  орта

І

22

өнд. оқу шебері

2018

2023

12

Жапышева А.Қ.  

14.07.65

арн.  орта

І

23

өнд. оқу шебері

2011

-

13

Боранбаев А.

01.02.60

арн.  орта

ІІ

5

өнд. оқу шебері

2013

2018

14

Еңсебаева Ғ.

07.02.87

жоғары

ІІ

8

өнд. оқу шебері

2015

2020

15

Амангазина А.А.

06.02.91

жоғары

ІІ

 

өнд. оқу шебері

 

 

16

Ниязханов Е. Н.

 

арн.  орта

-

-

өнд. оқу шебері

-

-

17

Байбосынов Е.Б

30.01.66

 

-

-

өнд. оқу шебері

-

-

18

Наурызханов Қ.

31.05.73

арн.  орта

-

-

өнд. оқу шебері

-

-

 

 

Колледжде  арнаулы пән бірлестігі «Арнаулы пәндер мен өндірістік оқытудың технологиялық бірізділік принципін сақтай отырып, жаһандану заманында, бәсекеге қабілетті, құзыретті, әлемдік стандарт деңгейінде нәтижелі жұмыс жасай білетін, сауатты, кәсіби білікті маман даярлау» тақырыбында жұмыс жасайды.   Осы мақсатына жету барысында биылғы оқу жылында көптеген іс-шаралар жүзеге асты.

Арнаулы пәндер бірлестігінің құрамында 18 арнаулы пән мұғалімдері мен өндірістік оқыту шеберлері бар. Арнаулы орта білімі бар өндірістік оқыту шеберлерінің саны- 7; Жоғары білімді-10;  Магистрлер саны-4;

Жоғары санатты мұғалімдер саны: 3

I - санатты мұғалімдер саны: 6

II – санатты мұғалімдер саны: 5

Санаты жоқ мұғалімдер саны:  4

Жыл көлемінде әдістемелік бірлестікте  5- отырыс өткізілді, онда әр түрлі сұрақтар қаралып, шешімдер  қабылданды.

 

2019-2020 оқу жылының наурыз  айында  02-13 күндері аралығында колледжде арнаулы пәндер он күндігі өтті. Он күндіктің алғашқы күні студенттер мен оқытушыларға он күндіктің жоспары таныстырылып ашылуы болды.

 

Он күндіктің  мақсаты :

Мақсаты: 

  • Абайдың қара сөздерін, өлеңдерін, әндерін насихаттау, апталық барысында Абайдың сөздерін кірістіре отырып студенттердің бойына рухани сіңіру, сауаттарын арттыру;
  • Сабақтарда және сабақтан тыс іс-шараларда оқытудың заманауи тәсілдерін қолдана отырып студенттердің мамандығына қызығушылығын арттыру, білімдерін тереңдетіп, ой-өрісі мен таным белсенділіктерін жан-жақты жетілдіру;
  • әлемдік стандарт деңгейінде нәтижелі жұмыс жасай білетін, сауатты, кәсіби білікті маман даярлау.

 

02.03.20 күні Он күндік салтанатты  ашылуы өткізіліп, жоспарымен таныстырылды. Апталық барысында шаралармен қатар мамандықтарға арналған ашық сабақтар, іс-шаралар өтетіні хабарланды.

Он күндік барысында  аспаз мамандығының өндірістік оқыту шебері Н.Ғ. Айгозина 1 курс аспаз тобымен «Қазақы дастарханым – өзіңсің бақ-берекем» тақырыбында шеберлік сынып және Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай ардагер ұстаздармен «Ата-бабаны, ұлттық дәстүрді құрметтеу – тәрбие негізі» тақырыбында кездесу кешін ұйымдастырып, студенттердің өндірістік оқу барысында өз қолдарынан дайындалған әр түрлі тағамдарын келген ардагер ұстаздарымызға  ұсынып, дастархан жайды. Шеберлік сыныпқа өте жақсы деген баға берілді.

 

Өндірістік оқыту шебері А.Жапышева мен арнаулы пән оқытушысы Ж.Қабиева «Сенде бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан» тақырыбында 1-3 курс студенттерімен барлық мамандықтар арасында кәсіби шеберлік сайысын өткізіп, әр мамандықтың студенттерінің мамандыққа деген қызығушылықтарын, біліктіліктерін арттыра түсті.

 

Өндірістік оқыту шебері А.Оңғарбаев 1 курс тракторист-машинист тобымен «ДТ-75 тракторын төменгі берілістен жоғарғы беріліске ауыстырып бұрылыстан жүргізіп үйрену» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында студенттер сабақ барысында өздерін кәсіби маман ретінде сезіну үшін, тракторист-машинист мамандығын  сомдау арқылы ой қабілеттерінің артуымен бірге, таңдаған мамандығына белсенділігі мен қызығушылығы оянып, ізденімпаздық, шығармашылық қабілеттерімен ерекшеленді. Тәжірибелік іс-әрекеттің орындалуына қарай ортақ қателіктерін түзей білді.

 

Арнаулы пән оқытушысы А.Жайлаубаева мен өндірістік оқыту шебері Г.Еңсебаева «Білгенге маржан» тақырыбында топтар арасында сайыс өткізді. Сайыс барысында студенттерге мамандықтары бойынша сұрақтар жасырылып, соған жауап берді. Сайыс өте қызықты, белсенді өткізілді.

 

Өндірістік оқыту шебері А.Боранбаев 3 курс тракторист-машинист тобымен «МТЗ-82 тракторына ПТ-4 тіркемесін тіркеп арнайы жүргізу» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында студенттер сабақ барысында өздерін кәсіби маман ретінде сезіну үшін, тракторист-машинист мамандығын  сомдау арқылы ой қабілеттерінің артуымен бірге, таңдаған мамандығына белсенділігі мен қызығушылығы оянып, ізденімпаздық, шығармашылық қабілеттерімен ерекшеленді. Тәжірибелік іс-әрекеттің орындалуына қарай ортақ қателіктерін түзей білді.

 

Өндірістік оқыту шеберлері Қ.Наурызбаевпен Е.Ниязханов «Ойлан тап, тапқырлар!» тақырыбында топтар арасында сайыс ұйымдастырып өткізді. Сайыста Абай атамыздың өміріннен және мамандыққа қатысты сұрақтар жасырылды. Студенттер мамандықты жақсы меңгергенмен қоса, Абай Құнанбайұлының шығармашылығын да  өте жақсы білетіндерін көрсете білді.

Өндірістік оқыту шеберлері А.Оңғарбаевпен Е.Байбосынов «Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез» тақырыбында студенттерге «Ферма шаруашылығы» мамандығының қыр-сыры туралы тереңірек түсіндіріп, студенттер арасында  сұрақтарға жауап берді.

 

Арнаулы пән оқытушысы Ж.Сағатова мен өндірістік оқыту шебері А.Амангазина студенттер арасында интеллектуалды ойын ұйымдастырып, өткізді. Іс-шараға барлық мамандық студенттері белсене қатысып, өте жақсы, толық, нақты жауап берген студенттерге сыйақы табысталды.

 

Арнаулы пән оқытушысы А.Жайлаубаева мен өндірістік оқыту шебері Г.Еңсебаева ветеринар-санитар тобымен «Мамандық таңдау -өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалау» тақырыбында кәсіби шеберлік сайыстар өткізді. Студенттер тәжірибелік жұмыстарын бейнеге түсіріп экран арқылы көрсете отырып, кабинетте теориядағы білімдерін бір-бірімен жарыса сұрақтарға жауап бере отырып көрсетті.

 

Он күндіктің соңғы күні өндірістік оқыту шеберлері Д.Кайракбаев «Дәнекерлеу технологиясы»,  А.Амангазина «Аспаз» А.Оңғарбаев «Ауыл шаруашылығы машиналары мен тракторлардың слесарь жөндеушісі» құзыреттіліктері бойынша  студенттерге әлемдік деңгейге дейін дәрежесі асып тұрған нағыз кәсіби білікті жұмысшы мамандықтардың сайысы «Worldskills» чемпионатына қысқаша шолу жасап түсіндірілді.

Он күндікте өткізілген шеберлік сыныптар, ашық сабақтар, сыныптан тыс іс-шаралар барысында әр студент өз білімі мен логикалық ойлау қабілетін, мамандығына деген қызығушылығы мол, өз мамандықтарының маманы екенін, Абай Құнанабайұлының қандай дара тұлға екендігін, көрсете білді. Он күндіктің жабылу салтанатында сайыс жеңімпаздары, он күндікте белсене ат салысып, қатысқан студенттер марапатталды.

Маманның кәсіби шеберлігі жоғары болса,  ел экономикасының қарыштап дамуына көп үлес қосары даусыз. "Әр маман өз ісінің кәсіби шебері болуы тиіс деп" Елбасымыз айтқандай сапалы кадр дайындауда мамандыққа  дайындайтын мекемелердің  білім беру технологияларын, әдістемесін үнемі жетілдіріп отыру қажет. Сондықтан биылғы кемшіліктер мен жетістпеушіліктерді саралай келе, келесі оқу жылына жаңа міндеттерді жоспарладық. Бірлестіктің жылдық жұмысы қорытындыланып,  «жақсы» деп бағаланды