Білім және Ғылым министрлігі
Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасы
«Зайсан технологиялық колледжі»КММ
«ЕРКІН ЕЛДІҢ ЕРТЕҢІ –
КЕМЕЛ БІЛІМ МЕН АНА ТІЛІНДЕ»
ГУМАНИТАРЛЫҚ
ПӘНДЕР АПТАЛЫҒЫ
Зайсан қаласы
2022 жыл
Гуманитарлық пәндер апталығының қорытындысы
Жаңа педагогикалық технологияларды сабақ үрдісінде қолдану нәтижесінде студенттердің білім сапасын арттыру, мұғалімдердің шығармашылық ортасын қалыптастыру мақсатында тақырыбы: «Еркін елдің ертеңі – кемел білім мен ана тілінде» атты гуманитарлық пәндер апталығы болып өтті.
Апталық жоспары жасақталып, бекітілді. Жоспарланған ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар өткізілді.
Мақсаты: Тіл мен тарихтың ажырамас бірлігін көрсете отырып, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру; бейбітшілікті, ұлттық татулықты ту ету, мақтанышына сүйсіндіру арқылы студенттердің іздену мен шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Аптаның ашылу салтанаты болды. Онда мұғалімдер мен студенттер апталық іс-шара жоспарымен танысты.
Әрбір топқа «Тіл мен тарих – ғасыр куәсі» қабырға гаезттерін шығарып, ілуге тапсырма берілді.
01 наурызда қазақстан тарихы пәнінің оқытушысы Қонарбаев Дулат Айбарұлы «Қазақ халқының материалдық мәдениеті және қолданбалы өнері» тақырыбынба ВФ-1 тобы мен ашық сабақ өткізілді. Мақсаты: Қазақ халқының мәдени жетістіктерін сипаттау үшін «мәдениет», «дала өркениеті», «материалдық мәдениет», «рухани мәдениет», «қолданбалы өнер», «мәдени мұра» ұғымдарын пайдалану; Мұғалім сабақ басында үй тапсырмасын тексерді, жаңа тақырыпты түсіндірді. Студенттер жеке жұмысты қызығушылықпен орындады. Дулат Айбарұлы сабағында мультимедиялық техникасын қолданды.
Фойеде колледж кітапханашысы Кәрменова Шолпан студенттерге «Ахмет Байтұрсынұлы-ғасыр саңлағы» тақырыбында кітап көрменсін ұйымдастырды. Ғалымның шығармашылық қызметін ашып көрсететін кең көлемді кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге қазақ тілі білімінің іргетасын қалаушы, ірі-ғалым, ағартушы – педагог, сөз құдіретін танытқан танымал ақын, қазақ баспасөз тілінің ұлттық үлгісін көрсеткен талантты публицист, туған халқының рухани дүниесін көтеруге көп күш жұмсаған мәдениет қайраткері – Ахмет Байтұрсыновтың «Ақ жол», «Тіл тағылымы», «Маса», «Жоқтау» т.б. қаламынан туған шығармалары көпшілік қауымға ұсынылды.
Шетел тілі пәнінің оқытушысы Делегеева Жазира Аманкелсыновна ВФ-1 тобында «Considering success in business» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Жаңа тақырыпты түсіндірді. Оқушылар жеке жұмысты қызығушылықпен орындады. Делегеева Жазира сабағында мультимедиялық техникасын қолданды.
«Тіл мен тарих – ғасыр куәсі» тақырыбында әр топтағы студенттер қабырға газеттерін қорғады.
Колледж әдіскері Армангул Нуркенованың ұйымдастырумен «Абай дара – Абай дана қазақта» атты Зайсан ауданының Абай танушысы Қалибек Алтыбаевпен дөңгелек стол болды. Мақсаты: Мақсаты:
- Абай шығармашылығын жас ұрпақтың «жүрегіне терең бойлатып»,
Абайдың жұмбақ әлемінің тылсым сырларына үңілту;
- «Сөз патшасы-өлең» құдіретінің асыл сөз маржандарын бойларына сіңірту, ой-қиялдарын поэзия әлеміне енгізу;
- Ғұлама Абай мұрасын, нақыл сөздерін, философиялық ой-толғауларын насихаттау
Шетел тілі пәнінің оқытушысы Делегеева Жазира Аманкелсыновна «Тіл шебері» атты 1-2 курс арасында сыныптан тыс сайыс өткізді. Мақсаты:
- Оқушылардың қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндерінен алған білімдеріне жалпылай шолу жасау, қайталау жұмыстарын жүргізу.
- Оқушылардың танымдық қабілетін, ой-өрісін дамыту, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту.
- Оқушыларды ұлтаралық ынтымақтастыққа, өз елін және өз тілін қадірлеуге, өз отанын сүюге тәрбиелеу. Ағылшын, қазақ, орыс тілдеріне деген қызығушылығын арттыру. Сайысқа қатысушыларының жұмысын бағалау және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау үшін қазылар алқасы құрылды. Сайыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері қазылар алқасының ашық дауыс беру қорытындысы бойынша анықталады.
Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы Сабиева Лимараның ұйымдастырумен сыныптан тыс 1-2 курс арасында қазақ поэзиясында үлкен қолтаңба қалдырған, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтің «Жырлайды жүрек» атты әдеби-жыр сайысы өтті. Мақсаты: Ғасырлар тоғысында Мұқағали Мақатаевтың ақындық талантын студент жүрегіне ұялату, олардың өнерге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру. Студент жастар ерекше белсенділік танытып, поэзия өнеріне деген қызығушылығын, ақынның шығармашылығына деген шынайы құрметін көрсетті.
Гуманитарлық пәндер апталығының жабылу салтанаты болып өтті. Апталыққа белсене қатысып, стен газета қорғаған студенттер және ашық сабақ пен сайысқа қатысқан студенттер марапатталды.
https://zaysan-kollege.edu.kz/kz/q/431-2021-2022-o-u-zhyly-gumanitarly-p-nder-birlestigini-aptaly-y.html#sigFreeId3b93077d1d
https://zaysan-kollege.edu.kz/kz/q/431-2021-2022-o-u-zhyly-gumanitarly-p-nder-birlestigini-aptaly-y.html#sigFreeId043b7aa508