ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

«ЗАЙСАН ТЕХНОЛОГИЯ КОЛЛЕДЖІ» КММ

 

Политехникалық пәндер бірлестігі апталығы

 

Зайсан қаласы

2021– 2022 оқу жылы.

 

Апталық жоспары

 

Мақсаты:

Студенттердің политехникалық пәндерге деген қызығушы-лықтарын арттыру үшін, танымдық ой-өрісін кеңейту мақсатында әртүрлі ойын, сайыс түріндешаралар өткізу және осы пәндер бойынша білімдерін өз мамандықтарын игеруде кеңінен қолданыс табуына ықпал ету.

 

Политехникалық пәндер бірлестігінің апталығы

 

2021-2022оқу жылында политехникалық пәндер бірлестігі «Бізді қоршаған әлем» тақырыбынды апталық өткізді.

Апталықтың мақсаты:

Студенттердің политехникалық пәндерге деген қызығушы-лықтарын арттыру үшін, танымдық ой-өрісін кеңейту мақсатында әртүрлі ойын, сайыс түрінде шаралар өткізу және осы пәндер бойынша білімдерін өз мамандықтарын игеруде кеңінен қолданыс табуына ықпал ету.

Апталықта жоспар бойынша белгіленген интелектуалдық ойындар, сайыс сабақтар, әскери спорттық сайыстар, көңілді сөрелер студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттыра түсті.

  1. Аптаның алғашқы күні апталықтың ашылу салтанатын информатика және математика пәні мұғалімі Орынбаева Гүлзат ұйымдастырып, жоспары мен мақсатын таныстырды. Зал безендіріліп, қабырға  газеттері ілінді.

Залдың безендірулері

Студенттердің шығарған  ребустары мен сөзжұмбақтары

Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Амирғалиев Серікбол 1-3 курстар арасында «Ел қорғайтын мен болам!» әскери спорттық - эстафета  өткізді. Студенттер әскери форма киініп, әр кезеңнің тапсырмаларынашамалары келгенше нәтиже көрсетті. Сайыс өз дәрежесінде өтті.

Математика пәні мұғалімі Орынбаева Гүлзат«Талантыңмен таныл» атты сыныптан тыс сайыс сабақөткізді.Мақсаты, студенттердің логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру, тапқырлыққа, шапшаңдыққа, есепқұмарлыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру, қарым-қатынастарын нығайту болды.Сайыс 7 кезеңнен тұрды: топтың өзін таныстыруы, лездік сұрақтар, логикалық есептер, оқу бағдарламасынанесептер, математикалық жаңылтпаштар, нақыл сөздерді табу, берілген мақалды толықтырып, жауап артындағы формуланы  жалғастырды. Әрбір кезеңді слайдтар арқылы көрсетіп,ақпараттық-технология құралдарын қолданды. Сайыста түрлі әдіс-тәсілдер, көрнекі құралдар қолданылып эстетикалық  талаптарға  сай өте қызықты өткізілді. Сайыс  «өте жақсы» деп бағаланды.

Дене тәрбиесінің мұғалімі Қажымұратов Серік «Әуелі байлық денсаулық» атты көңілді сөрелер сайысын өткізді.Әрбір бөлімі жоспар бойынша жүргізілді.Дене тәрбиесінен доппен, тениспен, шаңғымен т.б түрлі ойын әдіс-тәсілдерін көрсету арқылы студенттерді шапшаңдыққа, бірлікке, салауатты өмір салтын ұстауға тәрбиеледі.Сайыс өте қызықты өтті.Студенттерге  жинаған балдарына сәйкес орындар  берілді.

Физика пәнінен Тоқтаубекова Айдана «Қызықты физика» ойын сабағын өткізді.Әрбір кезеңді слайдтар арқылы көрсетіп, ақпараттық-технология құралдарын қолдана білді. Студенттер өздерінің физика пәніне деген қызығушылықтарын сайыс кезеңдері барысында көрсетті. Ойын сабақ өз деңгейінде өтті.

Химия пәнінен Ибраева Жазира 2 курс студенттері арасында «Ойна, ойла, тап» сайысын өткізді. Сайыс  таныстыру, химиялық эстафета, химик лаборант, полиглот, көршіні тап, үй тапсырмасы, ғажайып жетілік  кезеңдері арқылы ұйымдастырылды. Студенттер химиялық эстафета кезеңінде сұрақтарға тез, дұрыс жауап беріп, келесі кезеңдерге зтіп отырды. Топтың бір мүшесі химиялық құрал-жабдықтардан берілген тапсырма бойынша  қажеттісін лотокқа салып дайындап, қалған топ мүшелері жасырылған жұмбақтан  жұмбақтың шешуін тауып қазақша, орысша, латынша не ағылшынша айтып, химиялық реакция теңдеулерін сәйкестендірді.Үйден химия әлемі туралы ертегі дайындап әкеліп қызығушылықтарын білдірді.

Қорытынды, марапаттау сәттері