Тақырыбы: Білімді азамат-ел болашағы

Мақсаты: Жалпы білім беру пәндерін оқытуда қолданылатын озық технологияларды меңгере отырып, жас ұрпаққа заман талабына сай жаңаша білім мен тәрбие беруді қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, салауатты өмір салтын ұстануға үйтеру, халқымыздың ұлттық құндылықтарын дәріптеп, ой-өрісі мен таным- белсенділіктерін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Зайсан технология колледжінің 80 жылдық мерейтойына орай «Білімді азамат – ел болашағы» тақырыбында өткен жалпы білім беретін пәндер бірлестігінің онкүндігінің ашылу шарасы.

11 қараша күні Зайсан технология колледжінде колледждің 80 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Білімді азамат – ел болашағы» атты жалпы білім беретін пәндер бірлестігінің онкүндігінің ашылуы болды. Жалпы пәндер бірлестігінің жетекшісі Делегеева Ж.А онкүндіктің жоспарымен таныстырып өтті. Онкүндіңтің мақсаты: Жалпы білім беру пәндерін оқытуда қолданылатын озық технологияларды меңгере отырып, жас ұрпаққа заман талабына сай жаңаша білім мен тәрбие беруді қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, салауатты өмір салтын ұстануға үйтеру, халқымыздың ұлттық құндылықтарын дәріптеп, ой-өрісі мен таным- белсенділіктерін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Сонымен қатар бекітілген жоспар бойынша 12.11.2024 күні колледж психологі Ниғметтулла Е.Н «Шуақты көңіл күй» тренингін, 13.11.2024 күні математика пәні оқытушысы Орынбаева Г.Т «Математика-ақыл-ой гимнастикасы» сайыс сабағын, 14.11.2024 күні дене шынықтыру пәні оқытушысы Қажымуратов С.Қ «Ептілер сайысы» көңілді сөресін, 15.11.2024 күні химия пәні оқытушысы Ибраева Ж.Н «Химиялық жайдарман» сайыс сабағын, 18.11.2024 күні АӘД пәнінің оқытушысы Амиргалиев С.С «Жас жеткіншек –ел болашағы» топтық сайысын және осы күні география пәні оқытушысы Қапсадықова Н.Ж «Не?Қайда?Қашан?» Брейн Ринг ойынын,19.11.2024 күні ағылшын тілі пәні оқытушысы Делегеева Ж.А «Travel into the English language»квест ойынын, 20.11.2024 күні тарих пәні оқытушысы Қонарбаев Д.А «Ұлы даланың жеті қыры» дөңгелек үстелін және осы күні физика пәні оқытушысы Тоқтаубекова А.Т «Жасыл энергия» дөңгелек үстелін, 21.11.2024 күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы Сабиева Л.Т « Қазақ өлеңінің Қадыры» әдеби кешін, 22.11.2024 күні биология пәні оқытушысы Әділбекова Ж.Ә «Жасыл ғаламшар» интеллектуалды сайысын өткізетін болды. Барлық жоспарланған шаралар аяқталғаннан кейін онкүндіктің жабылуы өтеді деп жоспарланды. Ашылу барысында сергіту сәті ретінде студенттер арасында «Құпия шарлар» атты викториналық сұрақтар ұйымдастырылып, оларға белсене жауап берілді.

 

Зайсан технология колледжінің 80 жылдық мерейтойына орай «Білімді азамат – ел болашағы» тақырыбында өткен жалпы білім беретін пәндер бірлестігінің онкүндігінің жабылу шарасы.

25 қараша күні Зайсан технология колледжінде колледждің 80 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Білімді азамат – ел болашағы» атты жалпы білім беретін пәндер бірлестігінің онкүндігінің жабылу шарасы болды. Жалпы пәндер бірлестігінің жетекшісі Делегеева Ж.А онкүндікті қорытындылап, барлық шараларға ,сайыстар мен дөңгелек үстелдерге , танымдық ойындарға белсене қатысқан студенттерге алғыс білдірді. Келешекте де колледж студенттерінің белсенділіктері жоғары болады деген сенім білдіретіндігін айтып өтті. Биология пәні оқытушысы Әділбекова Ж.А мен география пәні оқытушысы Қапсадықова Н.Ж және АӘД оқытушы Амиргалиев С.С сайысқа қатысқан 1 курс студенттерін мақтау қағаздарымен марапаттады. Колледж әдіскері Нуркенова А.С жалпы пәндер онкүндігінің жан- жақты тыңғылықты жоспарланып, өте тамаша деңгейде өткендігін атап өтті. Белсенділік танытқан 1,3,4 курс студенттеріне сыйлықтар үлестірілді.

Зайсан технология колледжінің 80 жылдық мерейтойына орай «Білімді азамат – ел болашағы» тақырыбында өткен жалпы білім беретін пәндер бірлестігінің онкүндігінің қорытынды есебі.

11.11.2024-25.11.2024 күндер аралығында Зайсан технология колледжінде колледжінің 80 жылдық мерейтойына орай «Білімді азамат – ел болашағы» тақырыбында жалпы білім беретін пәндер бірлестігінің онкүндігі болып өтті. Онкүндік барысында жоспарланған шаралардың барлығы орындалып, бірлестік жетекшісі Делегеева Ж.А қадағалауында болды. Пән оқытушылары өз жұмыстарына үлкен жауапкершілікпен қарап, тиесілі жұмыстарын өте жақсы деңгейде орындады. Сонымен қатар бекітілген жоспар бойынша 12.11.2024 күні колледж психологі Ниғметтулла Е.Н «Шуақты көңіл күй» тренингін, 13.11.2024 күні математика пәні оқытушысы Орынбаева Г.Т «Математика-ақыл-ой гимнастикасы» сайыс сабағын, 14.11.2024 күні дене шынықтыру пәні оқытушысы Қажымуратов С.Қ «Ептілер сайысы» көңілді сөресін, 15.11.2024 күні химия пәні оқытушысы Ибраева Ж.Н «Химиялық жайдарман» сайыс сабағын, 18.11.2024 күні АӘД пәнінің оқытушысы Амиргалиев С.С «Жас жеткіншек –ел болашағы» топтық сайысын, 19.11.2024 күні ағылшын тілі пәні оқытушысы Делегеева Ж.А «Travel into the English language»квест ойынын, 20.11.2024 күні тарих пәні оқытушысы Қонарбаев Д.А «Ұлы даланың жеті қыры» дөңгелек үстелін және осы күні физика пәні оқытушысы Тоқтаубекова А.Т «Жасыл энергия» дөңгелек үстелін, 21.11.2024 күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы Сабиева Л.Т « Қазақ өлеңінің Қадыры» әдеби кешін, 22.11.2024 күні биология пәні оқытушысы Әділбекова Ж.Ә «Жасыл ғаламшар» интеллектуалды сайысын, 25.11.2024 күні география пәні оқытушысы Қапсадықова Н.Ж «Не?Қайда?Қашан?» Брейн Ринг ойынын өткізді. Онкүндік қорытындыланып, шараларға белсене қатысқан студенттер мақтау қағаздары және сыйлықтармен марапатталды. Онкүндік өз мақсатына жетті, «өте жақсы» деп бағаланды.