«Зайсан технология колледжі» КММ
Зайсан технология колледжінің 80 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған арнаулы пәндер бірлестігінің он күндігі

Тақырыбы: «Жұмысшы - мерейлі мамандық!»

Мақсаты:
Жұмысшы мамандықтарының қоғамдағы рөлі мен маңыздылығын түсіндіру. Олардың экономикалық, әлеуметтік және мәдени өмірдегі орнын көрсету.
2024 - 2025 оқу жыл

Зайсан технология колледжінің 80 жылдық мерейтойына орай «Жұмысшы - мерейлі мамандық!» тақырыбында өткен арнаулы пәндер бірлестігінің он күндігінің ашылу шарасы.

03.02.2025 жылы Зайсан технология колледжінің 80 жылдық мерейтойына орай «Жұмысшы - мерейлі мамандық!» тақырыбында өткен арнаулы пәндер бірлестігінің он күндігінің ашылуы болды.
Арнаулы пәндер бірлестігінің жетекшісі А.Амангазина онкүндіктің жоспарымен таныстырып өтті. Онкүндіктің мақсаты: Жұмысшы мамандықтарының қоғамдағы рөлі мен маңыздылығын түсіндіру. Олардың экономикалық, әлеуметтік және мәдени өмірдегі орнын көрсету.
04.02.2025 күні, сағат 15:00 «Кәсіп - қоғамның қозғаушы күші» мамандықтарға байланысты буклеттер сайысы Әділбекова Ж, 05.02.2025 күні сағат 10:00 «Менің мамандығым, менің болашағым» өздерінің мамандықтарына байланысты видеороликтер байқауы Түркістан Б, 06.02.2025 күні сағат 15:00 «Жануарларды зерттеуде қолдану қажеттілікпе? Әлде қатыгездікпе?» Студенттер арасында дебат Айтбаева Б.Т , 07.03.2025 күні cағат 15:00 «Мамандығым - менің мақтанышым» ЗТК 80 жылдығына орай мамандықтар бойынша макеттер көрмесі Амангазина А, 10.02.2025 күні сағат 15:00 «Кәсіп - қоғамның қозғаушы күші» «Ақбай» ШҚ колледж бітіруші түлектермен экскурция Оңғарбаев Ә, 11.02.2025 күні сағат 12:00 «Жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру» зертханалық сабақ Қадылбеков С, 05.02.2025 күні сағат 15:00 «Менің болашақ мамандығым» білім алушылар арасында шығармашылықты дамыту мақсатында суреттер көрмесі Еңсебаева Г, 12.02.2025 күні сағат 15:00 «Алуан, алуан кәсіп бар, таңдай білуді кәсіп қыл» ШҚ меңгерушілерімен кездесу, дөңгелек үстел Байбосынов Е, 13.02.2025 күні сағат 10:00 «Мен таңдаған мамандық» білім алушылар арасында эссе байқауы Жайлаубаева А, 13.02.2025 күні сағат 12:00 «Колледжде оқытылатын мамандықтар» фотоколлаж Айтбаев Т, 13.02. 2025 күні сағат 15:00 Жапышева А «Мамандықтар әлеміне саяхат» Квест ойыны өткізілетін болады. Барлық жоспарланған шаралар аяқталғаннан кейін онкүндіктің жабылуы өтеді деп жарияланды. Ашылу барысында мамандықтарға байланысты қызықты сұрақ - жауыптар қойылып, көрмелер ұсынылды.

 

Зайсан технология колледжінің 80 жылдық мерейтойына орай «Жұмысшы - мерейлі мамандық!» тақырыбында өткен арнаулы пәндер бірлестігінің он күндігінің жабылу шарасы.

14.02.2025 күні Зайсан технология колледжінің 80 жылдық мерейтойына орай «Жұмысшы - мерейлі мамандық!» тақырыбында өткен арнаулы пәндер бірлестігінің он күндігінің жабылуы болды. Арнаулы пәндер бірлестігінің жетекшісі Амангазина Айсара онкүндікті қорытындылап, барлық шараларға, сайыстарға, дөңгелек үстелдерге, ойындарға белсене қатысқан студенттерге алғыс білдіріп, келешектеде колледж студенттерінің белсенділіктері жоғары болады деген сенім білдіретіндігін айтып өтті. Колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары белсенділік танытқан студенттерге алғыс хаттар мен силықтар табыстады.

 

Зайсан технология колледжінің 80 жылдық мерейтойына орай «Жұмысшы - мерейлі мамандық!» тақырыбында өткен арнаулы пәндер бірлестігінің он күндігінің қорытынды есебі.

03.02.2025 - 14.02.2025 күндері аралығында Зайсан технология колледжінің 80 жылдық мерейтойына орай «Жұмысшы - мерейлі мамандық!» тақырыбында өткен арнаулы пәндер бірлестігінің он күндігі болып өтті.
Онкүндік барысында жоспарланған шаралардың барлығы орындалып, бірлестік жетекшісі Айсара Амангазинаның қадағалауында болды. Арнаулы пән оқытушылары мен өндірістік оқу шеберлері өз жұмыстарына үлкен жауапкершілікпен қарап, тиесілі жұмыстарын өте жақсы деңгейде орындады. Сонымен бекітілген жоспар бойынша:
03.02.2025 жылы Зайсан технология колледжінің 80 жылдық мерейтойына орай «Жұмысшы - мерейлі мамандық!» тақырыбында өткен арнаулы пәндер бірлестігінің он күндігінің ашылуы болды.

 

04.02.2025 күні, сағат 15:00 «Кәсіп - қоғамның қозғаушы күші» мамандықтарға байланысты буклеттер сайысын Әділбекова Жанна өткізді. Сайысқа 23ВФ-2, 24ТД-2, 22АШМ-2, 22К-1, 21ВФ - 1, 22Т-1, 23 АШМ-3 топтары қатысты. Сайыс екі кезеңнен тұрды: буклеттерді таныстыру және мамандықтар туралы сұрақтарға жауап беру сайысы. Сайыстың қорытындысы шығарылып, орындар берілді. І орын: 22К-1 мен 21ВФ - 1, ІІ орын: 22АШМ-2, 22Т-1, ІІІ орын 23ВФ-2, 24ТД-2 және 23 АШМ-3 топтарына берілді.

 

05.02.2025 күні Түркістан Бақдәулет «Менің мамандығым, менің болашағым» атты өздерінің мамандықтарына байланысты видеороликтер байқауын өткізді. Байқауға 23ВФ-2, 22АШМ-2, 22К-1, 21ВФ - 1, 22Т-1, 23 АШМ-3, К-3 топтары қатысты. Байқауда әр топ өздерінің мамандықтарына байланысты жасаған видеоларын қорғады. Байқаудың қорытындысы шығарылып, орындар берілді. І орын: 22АШМ-2мен 21ВФ - 1, ІІ орын: 22К-1, 23ВФ-2, ІІІ орын 22Т-1, К-3, және 23 АШМ-3 топтарына берілді.

 

06.02.2025 күні Айтбаева Б.Т «Жануарларды зерттеуде қолдану қажеттілікпе? Әлде қатыгездікпе?» тақырыбында студенттер арасында дебат өткізді. Дебатқа 21ВФ - 1, 23ВФ-2 тобының студенттері қатысты. Қорытында бойынша 21ВФ1 тобы үздік атанды.

 

07.03.2025 күні Амангазина Айсара «Мамандығым - менің мақтанышым» атты ЗТК 80 жылдығына орай мамандықтар бойынша макеттер көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге 23ВФ-2, 24ТД-2, 22АШМ-2, 22К-1, 21ВФ - 1, 22Т-1, 23 АШМ-3 топтары қатысты. Көрмеде әр топ өз қолдарымен жасаған макеттерін жоғары деңгейде қорғап шықты.

 


10.02.2025 күні Оңғарбаев Ә «Кәсіп - қоғамның қозғаушы күші» тақырыбында «Ақбай» ШҚ колледж бітіруші түлектермен экскурция жасады. Экскурция барысында студенттер жоғары қызығушылық көрсетті.

 

11.02.2025 күні Қадылбеков Сәтжан АШМ-2 тобына «Жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбында зертханалық сабақ өткізді. Сабақ барысында теориялық бөлім, демонстрациялық жұмыс, практикалық тапсырмалар орындау және қорытынды бөлімі орындалды. Сабаққа білім алушылар белсенді қатысты.

 

05.02.2025 күні Еңсебаева Галия «Менің болашақ мамандығым» атты білім алушылар арасында шығармашылықты дамыту мақсатында суреттер сайысын өткізді. Сайысқа 23ВФ-2, 22АШМ-2, 22К-1, 21ВФ - 1, 22Т-1, 23 АШМ-3 топтары қатысты. Сайыс төрт кезеңнен тұрды: «мамандықты көрсет» сахналық ойын, «кім жылдам?», «Мамандықтар туралы мақал- мәтелдер» және өздері салған суреттерін қорғау. Сайысқа қатысушылар белсенділік көрсетіп, қызығушылық танытты. Қорытынды шығарылып, орындар берілді. І орын: 22К-1, ІІ орын: 21ВФ - 1, ІІІ орын 23ВФ-2 мен 22АШМ-2топтарына берілді.

 

12.02.2025 күні Байбосынов Еркін «Алуан, алуан кәсіп бар, таңдай білуді кәсіп қыл» ШҚ меңгерушілерімен кездесу, дөңгелек үстел өткізді. Шара барысында ШҚ меңгерушілері өздерінің өмір жолдары, қиындықтары мен қызықтарын бөлісті. Қатысқан студенттерде өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойды.

 

13.02.2025 күні сағат 10:00де Жайлаубаева Айжан «Мен таңдаған мамандық» атты білім алушылар арасында эссе байқауын өткізді. Байқауға 23ВФ-2, 22АШМ-2, 22К-1, 21ВФ - 1, 22Т-1, 23 АШМ-3 топтары қатысты. Байқау жоғары деңгейде өтті.

 

13.02.2025 күні Айтбаев Талант сағат 12:00 «Колледжде оқытылатын мамандықтар» фотоколлажын ұсынды. Коллажда білім алушылардың қызықты сәттері бейнеленген.

 

13.02. 2025 күні сағат 15:00 Жапышева А «Мамандықтар әлеміне саяхат» Квест ойыны өткізілетін болады. Ойын барысында әртүрлі тапсырмалар беріліп, шеберлік көрсетілімдер ұйымдастырылды. Ойынға қатысушылар белсенділік көрсетті.

 

 14.02.2025 күні Зайсан технология колледжінің 80 жылдық мерейтойына орай «Жұмысшы - мерейлі мамандық!» тақырыбында өткен арнаулы пәндер бірлестігінің он күндігінің жабылуы болды. Арнаулы пәндер бірлестігінің жетекшісі Амангазина Айсара онкүндікті қорытындылап, барлық шараларға, сайыстарға, дөңгелек үстелдерге, ойындарға белсене қатысқан студенттерге алғыс білдіріп, келешектеде колледж студенттерінің белсенділіктері жоғары болады деген сенім білдіретіндігін айтып өтті. Колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары белсенділік танытқан студенттерге алғыс хаттар мен силықтар табыстады.